Қарағанды ОӘҒК Қарағанды ОӘҒК Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
  • Басты бет
  • Онлайн-каталог
  • Жаңалықтар архиві
    • Бізді қалай табуға болады
    • Тарих және қазіргі кезең
    • Басшылары
      • Өлкетану әдебиеті бөлімі
      • Өнер туралы әдебиеттер бөлімі
      • Халықаралық әдебиеттері бөлімі
      • Мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы
      • Абонемент бөлімі
      • Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі
      • Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
      • Негізгі қорларды сақтау бөлімі
      • Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі
      • Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі
      • Оқу залдары бөлімі
      • Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
    • Жұмыс есебінің түйіні
    • Қорлар
    • Электрондық ресурстар
    • Тақырыптық тізімдер
    • Кітапхана басылымдары
    • Виртуалды көрмелер
    • Кітаптардың мерзімін онлайн ұзарту
    • Құжаттарды электронды жеткізу
    • Виртуалды анықтама
  • Әдіскер кабинеті
  • Өлкетану
    • "Сарыарқа" ЭК

Тіліңізді таңдаңыз

  • Қазақша (kk-KZ)
  • Русский

«АлашTime» форумы

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 «Сәуір» 2025»
Көру саны: 843

Құрметті оқырман қауым!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында айтылған «Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету»  тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Ермековтың мұрасына арналған «АлашTime» форумын ұйымдастырады.

Халық тарихты жасаса, ұлы тұлғалар бастамашысы болады. Тарихымыздың тар жол, тайғақ кешулерінде әр кезеңде мемлекетшілдік сана биіктігіндегі зиялы қауым ұлттық мүдде – тәуелсіздік идеясы үшін жандарын берді.

Сондай ірі саяси қайраткер, халқына қалтқысыз қызмет еткен «Алыптар тобының» көрнекті өкілі, еліміздің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан «Алаш» қозғалысының көш бастарларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әрі ғалым, ұстаз, белгілі ағартушы Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің (1891-1970) алатын орны ерекше. Ермеков тәрізді тұлғаның өмірі мен қызметіне бүгінде дұрыс баға беру тарихымыз үшін ғана емес, тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін қажет.

Ұйымдастырылып отырған игі шара үш бағытта іске асырылады. 

1. «Жасасын Алаш, Жасасын!» атты ашық баяндама; 

Ә. Ермековтің өскен ортасы, саяси көзқарасының қалыптасуы т.б. тақырыбында докторанттар, магистранттар мен ЖОО 3-4 курс студенттері арасында ұйымдастырылады.

2. «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайыс Қарағанды өңірінің колледжі студенттері арасында ұйымдастырылады; 

3. «Ә. Ермеков және математика» атты математикалық олимпиада Қарағанды өңірінің 10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады;

«АлашTime» форумының негізгі мақсаттары мен міндеттері: 

  • Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтың тарихи ерліктерін және Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру;
  • Әлімхан Ермековтың еңбектеріндегі өнегелі өсиеттерін дәріптеу арқылы тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті күшейту;
  • Әлімхан Ермековтың еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын оята отырып, жастардың шығармашылық потенциалдарын ашып көрсету, кітап оқуды алға жылжыту;
  • Жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихын, елін-жерін тануға, қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, рухани білім біліктілігін арттыруға бейімдеу;
  • Ә. Ермековтың мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау;
  • Алаш қайраткерлерін еске алу, олардың мұрасын жастарға насихаттау арқылы халықты тұтастыққа, бірлікке шақыру.
  • Алаш арыстарын талдай отырып, жастардың дүниетанымы мен ой өрісін дамыту және олардың интеллектуалдық дамуы үшін жағдай жасау;
  • Жастардың Алаштанушы ғалымдармен рухани байланысқа түсіп, емін-еркін араласуына себепкер болу.

«АлашTime» форумының  серіктестері:

  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  • Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
  • Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі;
  • Қарағанды облысының мемлекеттік архиві;
  • Қарағанды облысының білім басқармасы;
  • Қарағанды қалалық білім бөлімі;
  • «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ;
  • Ақтоғай аудандық әкімдігі;

«АлашTime» форумы  2025 жылдың 24-25 сәуір күндері өтеді;

Өтінімдер 2025 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады;

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. поштасына жіберу керек;

«Жасасын Алаш, Жасасын!» атты ашық баяндама ЕРЕЖЕСІ 
«Қазақша Quiz» интеллектуалды ойынның ЕРЕЖЕСІ
«Ә. Ермеков және математика» атты математикалық олимпиаданың ЕРЕЖЕСІ

Іс-шараны үйлестірушісі: Өлкетану әдебиеттері бөлімі

Тел  87017763819, 87007763819

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясы

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 «Сәуір» 2025»
Көру саны: 96

2025 жылдың 1 наурызы мен 30 мамыр аралығында Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханасында «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасы аясында «Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясын жариялайды.

Акцияның мақсаты: шалғай ауылдардағы кітапханалар қорын толықтыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Бүгінде кітапханашылар өз кітаптарын сыйға тартатын оқырмандарға шын жүректен «алғыс» білдіреді. Кітапты сыйға тарту - бұл оған жаңа өмір беру және жаңа оқырмандарға ұсыну.

Күш-жігерімізді біріктіре отырып, кітапхана қорын қажетті жақсы кітаптармен толықтырайық.

Сүйіспеншілікпен кітаптарды сыйлаңыз!

«Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясына қатысуға ниет білдіргендердің барлығын Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 мекен-жайы бойынша күтеміз.

Телефон: 8 (7212) 56-77-55

Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «14 «Сәуір» 2025»
Көру саны: 144

Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасын бастайды! 

Жоба аясында облыстық кітапханалардың кітапханашылары өңірдің 7 ауданының 21 ауылдық кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді!

 Облыстық кітапханалар әр ауылдық кітапханаға тәжірибе алмасу арқылы кітапханаларды оқырмандар үшін тиімді әрі заманауи ақпараттық орталықтарға айналдыруға бағыттайды.

 Жоба ауылдық кітапханалардың  жұмысының алға басуына және дамуына үлкен үлес қосады!

 Жоба аясында: 

  • 17-18 сәуір – Абай ауданының Топар кент кітапханасы және Құрма, Агрогородок ауылдық кітапханалары;
  • 5-6 мамыр – Шет ауданының Нұраталды, Бұрма, Тағылы ауылдық кітапханалары;
  • 12-13 мамыр – Осакаровка ауданының Озерное, Қарағайлы, Мирное ауылдық кітапханалары;
  • 26-27 мамыр – Қарқаралы ауданының Қарағайлы, Нұркен, Көктас ауылдық кітапханалары;
  • 9-10 маусым – Нұра ауданының Қарой, Шахтер, Қайнар ауылдық кітапханалары;
  • 16-17 маусым – Бұқар-Жырау ауданының Жаңаталап, Ростовка Центральный ауылдық кітапханалары;
  • 23-24 маусым – Ақтоғай ауданының Сарытерек, Шашубай кент кітапханасы және Жидебай ауыл кітапханасы.

Дикторлық өнердің дара жолы

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «08 «Сәуір» 2025»
Көру саны: 85

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында «Ой орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы кездесу – қазақ телевизиясының алтын дәуіріне жол салып, алғашқы дикторлардың бірі атанған, еңбек ардагері Майра Ахметованың 100 жылдығына арналды.

Кештің арқауы – «Дикторлық өнердің дара жолы». Арнайы ұйымдастырылған экскурсия барысында клуб мүшелері телеарнаның бай тарихымен танысып, эфир мәдениетінің қалыптасу кезеңіне терең үңілді. Жетекшілік еткен – тележурналист, ҚР Мәдениет қайраткері Әли Тойжігіт.

Экскурсия барысында қатысушыларға өткен ғасырдың 60-70 жылдары қолданылған ескі камералар, микрофондар, радиоқабылдағыштар көрсетіліп, эфир жұмыстарының қалай жүргізілгені жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сол жылдардағы техникалық шектеулер, монтаж қиындығы, түсірілім лентасының тапшы кездері, бір хабарды эфирге дайындаудағы үлкен жауапкершілік – бәрі де журналистикаға деген шынайы адалдық пен жанкешті еңбек, әсіресе, дикторлардың дауысы, мәнері мен мәтінді жеткізу мәдениеті – бұл өз алдына бөлек өнер болатынын ортаға салды.

Толығырақ …

Литрес Кітапхана

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «08 «Сәуір» 2025»
Көру саны: 51

Құрметті оқырмандар!

Біздің кітапханаға 2 ай мерзімге (сәуір-мамыр) тестілік режимде «Литрес Кітапхана» жүйесіне кіру мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.

Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Электронды-кітапханалық жүйеге https://lib.litres.ru/libreg/799099/ сілтеме арқылы тіркеліп, логин, пароль ала аласыз. Тіркелгеннен соң кез-келген компьютерден немесе мобильді құрылғыдан оқуға мүмкіндігіңіз бар.

«ЛитРес: Кітапхана» - қазіргі заманғы әдебиеттің электронды форматтағы ең үлкен кітапханалық каталогы. Онда 200 000-нан астам электронды және аудиокітаптар, олардың арасында қазіргі бестселлерлер мен классиктер, сондай-ақ шет тілдеріндегі шығармалар ұсынылған. Тақырыптар бойынша кітаптардың 142 жанры қолжетімді: жеңіл оқу, байыпты оқу, тарих, бизнес-кітаптар, білім мен дағдылар, психология және мотивация, спорт, денсаулық, сұлулық, хобби, бос уақыт, үй, саяжай, шетел әдебиеті және т. б.

  1. Төленнің жүрек лүпілі
  2. Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау
  3. Халықаралық онлайн-семинардың қорытындылары «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау»
  4. Аманат арқалаған ана

3 бет, 10 беттен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10

Бізбен байланысу

+7 (7212) 56‒74‒64 оқырмандарды тіркеу секторы
+7 (7212) 56‒76‒55 қабылдау бөлмесі
+7 (7212) 56‒53‒04 абонемент
+7 (7212) 21‒57‒73 халықаралық әдебиеттері бөлімі
+7 (7212) 77‒27‒76 көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. қабылдау бөлмесі
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. абонемент
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Оқырмандарға арналған ақпарат

  • Бізді қалай табуға болады
  • Кітапхананың жұмыс тәртібі
  • Кітапханаға қалай жазылуға болады
  • Кітапхананы пайдалану ережесі

Біздің мекен-жайымыз

M01P0M3, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй

© 1999–2025 Қарағанды ОӘҒК