Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің қызметкерлері академик Қ.А. Сағынов атындағы колледж студенттеріне  ұлы орыс ақыны С. А. Есениннің туғанына 130 жылдығына арналған «Всю душу выплещу в слова…» атты поэзиялық сағат өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар С. Есениннің көп қырлы поэзия әлемімен танысты. Ақын шығармаларында туған табиғаттың сұлулығы, халық жан дүниесінің тереңдігі мен адам сезімінің шынайылығы терең бейнеленгені атап өтілді.  Кеш аясында «С.А. Есениннің өмірі мен шығармашылығы» атты бейне презентация көрсетіліп, ақынға арналған кітап көрмесімен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Студенттер ақынның танымал «Гой ты, Русь, моя родная», «Спит ковыль. Равнина дорогая», «Письмо женщине», «Я помню, любимая, помню», «Ты ушла и ко мне не вернешься», «Отговорила роща золотая», «Белая береза» сынды өлеңдерін мәнерлеп оқыды.