Академик Е. А. Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің мүшелері Е. А. Бөкетов атындағы мемориалдық музейге танымдық экскурсияға барды.

Экскурсия барысында экскурсовод Шалғымбаева Аяулы Адамбекқызы қатысушыларды ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасына тереңірек үңілдірді. Балаларға музейдің негізгі экспонаттары, Е. А. Бөкетовтың балалық шағы, отбасы, ғылыми және жазушылық қызметі жайлы мазмұнды ақпарат берілді. Сондай-ақ, олар ғалымның демалыс бөлмесі мен университет қалашығының бас жоспары орналасқан залдармен танысты.

Оқушыларға ерекше әсер қалдырған Е. А. Бөкетовтың жұмыс кабинетіндегі жеке заттарды көріп, ғалымның шығармашылық атмосферасын сезіне білді. Экскурсия соңында үйірме мүшелері алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа білім мен рухани шабытқа бөленіп қайтты.

Бұл танымдық іс-шара жас зерттеушілердің туған өлке тарихына, ұлы тұлғалар мұрасына деген қызығушылығын арттырды.