Қарағанды ОӘҒК Қарағанды ОӘҒК Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
  • Басты бет
  • Онлайн-каталог
  • Жаңалықтар архиві
    • Бізді қалай табуға болады
    • Тарих және қазіргі кезең
    • Басшылары
      • Өлкетану әдебиеті бөлімі
      • Өнер туралы әдебиеттер бөлімі
      • Халықаралық әдебиеттері бөлімі
      • Мерзімді басылымдармен жұмыс бойынша секторы
      • Абонемент бөлімі
      • Кітапхана ісін автоматтандыру бөлімі
      • Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
      • Негізгі қорларды сақтау бөлімі
      • Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі
      • Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімі
      • Оқу залдары бөлімі
      • Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
    • Жұмыс есебінің түйіні
    • Қорлар
    • Электрондық ресурстар
    • Тақырыптық тізімдер
    • Кітапхана басылымдары
    • Виртуалды көрмелер
    • Кітаптардың мерзімін онлайн ұзарту
    • Құжаттарды электронды жеткізу
    • Виртуалды анықтама
  • Әдіскер кабинеті
  • Өлкетану
    • "Сарыарқа" ЭК

Тіліңізді таңдаңыз

  • Қазақша (kk-KZ)
  • Русский

«Кітапхана қорын жинақтау және автоматтандырудың өзекті мәселелері» атты облыстық практикалық семинар

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «10 «Желтоқсан» 2024»
Көру саны: 3508

5 желтоқсан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана қорын жинақтау және автоматтандырудың өзекті мәселелері» атты облыстық практикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – облысымыздың кітапхана мамандарының кәсіби  құзыреттілігін дамыту. Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қорын жинақтау және автоматтандыру бөлімдерінің 50 астаммамандары семинарға қатысып, қызығушылықтарын танытты. Семинарды Қарағанды облыстық кітапханаларының басшылары ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Шаймуханбетова А. С. іс шараның модераторы ретінде сөз сөйледі.

Толығырақ …

Құрметті оқырмандар!

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «04 «Желтоқсан» 2024»
Көру саны: 3783

Біздің кітапханаға Каренова Хизат Ахметқызы белгілі Е.А.Бөкетов атындағы  ҚарУ-нің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, академик, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Әл-Карени Рашит Саттарұлының   42 кітабын сыйға тартты.

Сіздерді экономика ғылымдарының докторы, профессор Рашит Саттарұлы Кареновтың көрнекті еңбектерімен танысу үшін біздің кітапханамыздың өлкетану әдебиеттері бөліміне шақырамыз.

Рашит Саттарұлының қазақ ру-тайпаларының және ұлтымыздың негізін қалаған ірі тайпаларының бірі «Арғынның тарихы мен  шежіресі» туралы үш томдық жинағында бүгінгі күнге жеткен шежіре-тарихы баяндалады және қазақ генеалогиясын тануға қосылған үлес ретінде оқырмандар жүрегінен жол табары сөзсіз.

Толығырақ …

Аймақтың бас басылымдарына QR-код арқылы жазылыңыз

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «03 «Желтоқсан» 2024»
Көру саны: 3462

Ойлы оқырман!

Қазыналы кенді өлкенің басты газеті «Ortalyq Qazaqstan» газетіне 2025 жылға жазылдыңыздар ма?
Жазылмаған болсаңыздар бүгіннен қалмай жазылуға шақырамыз!
Газет оқу – зиялылықтың белгісі. Қазіргі күні ақпарат алмасудың заманауи тәсілі көп болғанымен, газеттің де өз ерекшелігі, артықшылығы бар. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым. Таңбаланған тарих.
Жалпы, біздің кітапхана мен облыстың бас басылымы «Ortalyq Qazaqstan» арасында сонау алыс жылдардан бері үзілмей келе жатқан тығыз іскерлік байланыс бар. Кітапхана қорында 1949 жылдардан бергі «Советтік Қарағанды» атауымен шыққан кезінен бергі газет тігінділері сақтаулы. Өлкенің тыныс-тіршілігі, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени саладағы оң өзгерістер мен жарқын жетістіктерді осы басылымды оқу нәтижесінде дәйекті деректерге негізделген ақпаратқа қол жеткіземіз.
Газетке шыққан жерлестеріміздің әр жетістігін кітапхананың мұрағатына және электронды каталогына мұқият сақтаймыз. Бұл - ертеден қалыптасқан дәстүр. Қазыналы аймағымыздың шежіресі, жүрек соғысы бар газетті оқу арқылы ана тілімізге деген құрметті көрсетеміз. Ана тілімізде шығатын газеттің беделін көтеру, кеңінен насихаттау – біздің міндет болса, сол газеттің құндылығын сақтап қалу – көзі ашық, көкірегі ояу әр азаматтың міндеті.

Толығырақ …

Қобыз қылып қолымдағы қаламды...

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «03 «Желтоқсан» 2024»
Көру саны: 2323

2024 жылдың 29 қараша күні Кеншілер мәдениет сарайында өткен Алаштың ардақты ақыны, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Қойлыбай Асановтың 60 жас мерейтойлық кешінде кітапханамыз ақынның шығармашылығына арналған «Қобыз қылып қолымдағы қаламды...» атты фото - кітап көрмесін қалың жұртшылыққа ұсынды.
Кітап көрмеге автордың «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004), «Аңызақ соңы ақ жауын...» (2014), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010), Сарыарқа кітапханасы сериясымен және Қойлекеңнің құрастыруымен жарық көрген «Арқаның би-шешендері мен ақын-жыраулары», «Арқаның айтыс ақындары», «Шығармалар» (2013) , «Қызыл асық» (2020), «Райыс - көшкен елдің өшпес тарихы» т.б. кітаптармен бірге бірнеше фотосуреттер қойылды.
Сонымен бірге автор өзінің «Сарша тамыз, сары жел», «Сәуірдің соңы құралай» кітаптарын кітапханамызға сыйға тартты.
Ардакүрең ақынның жыр маржандары оның поэзиялық жинақтарында сайрап жатыр. «Теңіздің дәмі тамшысынан білінеді» дегендей, Қойлыбай Асановтың жыр маржандарының дәмін білгіңіз келсе, мына кітаптарды оқуға асығыңыздар!

Қарағанды өңіріндегі киелі орындар

Мақала жайында ақпарат
Құрылды: «29 Қараша 2024»
Көру саны: 2551

Біз үшін Отанымыздың әр сүйем жері қасиетті болып саналады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық бірлік нышаны ретінде қоғамдық өмірде ерекше маңызға ие киелі орындар бар. Осындай қасиетті жерлер мен нысандар жайлы жастарға түсіндіріп, олардың өңірлерде жүргізіліп жатқан ғылыми-сараптамалық жұмыстардың бағыт-бағдарын білу мақсатында «Ой-Орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы өтті.

Шара Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің тарих факультетінде ұйымдастырылды. Клуб отырысына тарихшы ғалым, өлкетанушы, этнограф, Қарағанды облысының ғылыми техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архив басшысы Темірғали Аршабеков  қатысып, Қарағанды өңіріндегі киелі орындары жайлы әңгімелеп, бағзы бабалардан мұраға қалған ел мен жерді көздің қарашығындай мұқият сақтауға, туған жер, елін сүйер жас буынды ұлтжанды, елжанды болуға шақырды. Сонымен бірге клубтың жетекшісі, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің тарих факультетінің студенті Мирас Қанат Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, киелі нысан Сеңкібай батыр, Жидебай батыр туралы айтып, қызықты деректермен бөлісті.

Толығырақ …

  1. Үш бәйтерек-Үш ғұмыр
  2. Облысының 2025 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
  3. Кітапханамыздың өлкетану әдебиеттері бөліміндегі мына кітаптарды бізбен бірге оқыңыздар!
  4. Қазақстан Республикасының 2025 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі

7 бет, 10 беттен

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10

Бізбен байланысу

+7 (7212) 56‒74‒64 оқырмандарды тіркеу секторы
+7 (7212) 56‒76‒55 қабылдау бөлмесі
+7 (7212) 56‒53‒04 абонемент
+7 (7212) 21‒57‒73 халықаралық әдебиеттері бөлімі
+7 (7212) 77‒27‒76 көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. қабылдау бөлмесі
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. абонемент
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Оқырмандарға арналған ақпарат

  • Бізді қалай табуға болады
  • Кітапхананың жұмыс тәртібі
  • Кітапханаға қалай жазылуға болады
  • Кітапхананы пайдалану ережесі

Біздің мекен-жайымыз

M01P0M3, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 үй

© 1999–2025 Қарағанды ОӘҒК