2026 жылдың 09 ақпан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» роман-трилогиясының таныстырылымы өткізілді.
Қаламгердің бұл кітабында оқырманға кеңінен танымал «Тауқымет» романын толықтырып өңделген жаңа нұсқасы «Бибі-Сана» кітабы үш бөлімнен тұрады. «Прокурордың сүйікті қызы», «Тіршіліктің түрі көп», «Сен – әйел емессің, құбылыссың» роман-трилогиясы жәнеде «Назым» романы енгізілген.
Ақтас кентіндегі №2 отбасылық оқу кітапханасында «Шерстяная флористика: брошь своими руками» атты көшпелі шеберлік сабағы өтті.
Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тұмар» этноклубы аясында «Кітап пен қалам: ақынмен сырласу» атты әдеби кеш өтті. Бұл рухани басқосу оқырман мен ақын арасындағы шынайы сырласуға, өлең мен ойдың терең үйлесіміне құрылған тағылымды кездесу болды.
Кештің қадірлі қонағы - ақын, «Тұмар» этноклубының белсенді мүшесі, «Ақ қауырсын» әдеби клубының жетекшісі Таңсәуле Әгенқызы. Ол поэзиядағы ізденістері, шығармашылық жолындағы шабыт көздері туралы ой бөлісіп, жүректен туған сырлы жырларын оқырман назарына ұсынды.
2026 жылғы 30 қаңтар күні «Ой орда» пікірлесу клубының жаңа маусымының ашылуына арналған алғашқы отырыс өтті. Кездесу Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Тарих факультетінің археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы жанындағы «Жас Алаш» ғылыми-зерттеу клубының студенттерімен бірлесіп өткізілді. Кездесу барысында клубтың алдағы жылға арналған жұмыс жоспары кеңінен таныстырылып, талқыланды.
26 қаңтар күні кітапхана жанынан құрылған «Жас өлкетанушы» үйірмесінің мүшелеріне Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын танымдық ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың өлкетану бағытындағы білімін кеңейту, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.
Экскурсия барысында қатысушылар кітапханаға келіп, оның тарихымен, кітап қорының ерекшеліктерімен танысып, әр бөлімнің жұмысымен жақыннан танысты. Сонымен қатар, оқырмандарға қызмет көрсету үдерісі, ақпараттық ресурстар, электронды қызметтер мен заманауи мүмкіндіктер туралы мәлімет берілді.