30 қазан күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «ZERDE» әдеби клубының аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, сазгер, түрлі жыр мүшәйраларының жүлдегері Салтанат Қайырбектің шығармашылығына арналған «Поэзия жүрегіме бағалы...» атты  кездесу кеші өтті. 
Кештің мақсаты: рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап оқуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту. 

Аталмыш шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің, Қарағанды жоғары гуманитарлы колледжінің және Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің студенттері қатысып, ақынның «Фиалка», «Кешірім», «Фейерверк», Қарағанды медицина университетінің студенті Айгүл Сеитбекова ақынның «Сергелдең сезім» өлеңімен жүрек жарды жырларын оқыды. Облысымызда жүзеге асырылып жатқан және ақын Салтанат Ерланқызы белсенді атсалысып жүрген «Ұлт қазынасы» жобасы туралы мазмұнды ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар ұсынылды.
Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ақыннан шынайы әрі қызықты жауаптар алып, рухани әсерге бөленді. Өлеңге іңкәр жастар ақынның сырға толы жырларын тыңдап, ерекше шабытпен тарқасты.      
Оқырмандар назарына «Жүректен төгілген жырлар» атты кітап көрмесі ұсынылып, қатысушыларға мазмұнды шолу жасалды.