2025 жылғы 8-9 қазан аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дәстүрлі «Кітапхана – жетістіктер аумағы» атты ашық есік күндерін өткізді.
Іс-шараның мақсаты - кітапхана қызметін насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен, сирек және құнды кітаптармен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жастарды рухани-мәдени ортаға тарту.
Келушілерді қызықты әрі танымдық алаңдар күтті: Библио-микс, тақырыптық кітап көрмелері, шолулар, блиц-сауалнамалар, интеллектуалдық ойындар мен фотосессиялар ұйымдастырылды.
Құжаттарды жинақтау бөлімі «Қарағанды облысының орталық кітапханасы» атты ақпарат уақыты дайындады. Келушілерге кітапхананың қызметі, қорлары, каталогтары (соның ішінде электрондық каталог), сондай-ақ кітапхананың веб-сайты туралы ақпарат берілді.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінің қызметкерлері экскурсанттарға «Сирек кітаптар әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Қонақтардың назарына кітапхана қорынан алынған бірегей,сирек басылымдар ұсынылды.
Өлкетану әдебиеті бөлімінің қызметкерлері студенттер үшін «Өлкетанушы атаға қонаққа!» атты танымдық алаң ұйымдастырды - бұл туған қаланың тарихына қызықты саяхат болды. Қатысушыларға бөлім қорында сақталған Қарағанды туралы сирек кітаптар жинағы,сондай-ақ белгілі жазушылар мен ақындардың қолтаңбасы бар басылымдар көрсетілді. Қатысушылар «Ойлан, ойна, жеңіске жет!» атты ойын-викторинаға ерекше назар аударды. Олар ойын барысында қаланың тарихы туралы білімдерін көрсетіп қана қоймай, түрлі тарихи деректер мен оқиғаларға қатысты пікірталасқа белсене қатысты.
Ашық есік күні халықаралық кітаптар бөлімінің қызметкерлері English Language Fellow бағдарламасы бойынша Қазақстанға келген жоғары білікті ағылшын тілі маманы John Maruschuk-тың қатысуымен «Communication in the USA» тақырыбында дәріс ұйымдастырды.
Америкалық бұрыштың координаторы орталықта өткізілетін қызықты шаралар туралы айтып берді, соның ішінде Speaking Club, қол сөйлеу тілі (Sign Language) бойынша сабақтар және басқа да іс-шаралар.
«Өнер - халық қазынасы» атты арт-алаңда өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Шеберлер клубы» мен «Тұмар» этноклубының шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, клуб қызметі, жобалары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, «Ою-өрнек - ұлт мұрасы» атты шеберлік сағатың өткізді. Қатысушылар ұлттық ою-өрнектердің мән-мағынасына түсініп, қазақы нақыштағы бұйымдарды өз қолдарымен жасауды меңгерді.
Абонемент бөлімінің қызметкерлері жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін бөлімнің қызметі мен ұсынылатын қызметтері туралы таныстырылымын өткізді. «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ұлттық кітап- рухани мұраның алтын қазынасы» және «Кемеңгерліктің биік шыңы - Абай» атты кітап көрмелеріне шолу ұсынды.
Қарағанды машина жасау және медицина колледждерінің студенттері «Сүйікті кітаптар әлемінде» атты әдеби ойынға қатысты. Ойын форматы студенттерге сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, әдебиет әлеміне терең бойлап, дүниетанымдарын кеңейтіп, білімдерін байытуға мүмкіндік берді.
Оқу залының қызметкерлері келушілерді бөлімнің жұмысымен таныстырып, «Мен және кітап» атты фото-челленджге және «Мен кітаптар әлемінде» атты шығармашылық жастар алаңына қатысты. Қалаған әр қатысушы кітаптың өзінің өміріндегі мағынасы туралы, оқудың дүниетаным мен тұлға дамуына қалай әсер ететіні туралы ойларымен бөлісті.
Мұндай формат жастарға кітапхананың мүмкіндіктері мен ресурстарын жақсырақ танып-білуге мүмкіндік берді, ал кітапханашылар үшін бұл қазіргі заманғы оқырмандардың мотивациясын түсініп, олардың оқу қызығушылығын қалыптастыруға маңызды құрал болды.
Ашық есік күндері ішінде кітапханаға 800-ден астам адам келді. Олардың қатарында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ қала мектептерінің оқушылары болды. Атап айтқанда: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, «Bolashaq» жоғары колледжі, Қарағанды жоғары мейіргерлік колледжі, Экономика, бизнес және құқық колледжі, 6505 әскери бөлімінің сарбаздары, Абай атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды тағам және сервис колледжі, Ж.Қ. Бүкенов атындағы Қарағанды банк колледжі және Қарағанды агротехникалық колледжінің студенттері қатысты.