Бүгін кітапханада «ZERDE» әдеби клубының аясында ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері Жәлел Шалқар Қуандықұлының «Жырға айналып барады мына дүние…» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.
Іс-шараға ақын-жазушылар, журналистер, ұстаздар, студенттер және әдебиет сүйер қауым қатысты. Кездесу барысында ақынның оқырман жүрегіне жол тапқан «Алма гүлінің иісі…» атты жаңа жыр жинағы көпшілік назарына ұсынылды. Кеш барысында Жәлел Қуандықұлы өзінің шығармашылық жолына тоқталып, жүрекжарды ой-пікірлерімен бөлісті, Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің, Қарағанды жоғары гуманитарлы колледжінің студенттері ақын өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, Жәлел Қуандықұлының сөзіне жазылған, композитор Ердос Қожаның «Сағынба» әні алғаш рет орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Құрметті өнер сүйер оқырман қауым, сіздерді жаңа кітаппен танысуға кітапханамызға шақырамыз!
Нұрлыбаев Ж.К. Кескіндеме және графикалық шығармалар альбомы. -Алматы: «Sardar G», 2025. - 160 б.
«Жеңіс Кәкенұлы: кескіндеме және графикалық шығармалар» альбомы — қазақстандық бейнелеу өнеріндегі көрнекті суретшінің шығармашылық жолын жүйелі түрде танытатын мазмұнды басылым.
Кітапхана төрінде публицист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Ақпарат саласының үздігі, облыс әкімінің «Алтын сұңқар», «Тіл майталманы», «Алтын жолақ» сыйлықтарының иегері, «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторы Ерсін Мұсабектің «Сұңқардың көз жасы» атты жаңа кітабының салтанатты таныстырылымы өтті.
Оқырман мен қаламгерді жақындата түсетін, рухани әлемді байытып, ой көкжиегін кеңейтетін мұндай кездесулердің берері мол. Ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды мақсат еткен тағылымды шараға белгілі ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, журналистер, ғалымдар, өлкетанушылар, ұстаздар, кітапханашылар мен студенттер жиналды. Бұл – сөз қадірін бағалаған, рухани дүниеге сусындаған қауымның басын қосқан мәнді басқосу болды.
Көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының және Жаратылыстану Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Әбілқас Сағынұлының 110 жылдығына, сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерия академиясының академигі Пивень Георгиевичтің 80 жылдық мерейтойына орай, 15 желтоқсан күні "Жас өлкетанушылар" үйірмесінің қатысушыларымен "Грани таланта" атты танымдық сағат өтті.
2025 жылдың 11 желтоқсаны күні Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Отбасымен бірге оқимыз» атты облыстық байқаудың қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың алғашқы кезеңінен сүрінбей өткен 12 отбасы қорытынды додаға жолдама алып, бірнеше бағыт бойынша өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Қазылар алқасы қатысушыларды «Визит карточкасы», «Менің сүйікті кейіпкерім» және Блиц-турнир бөлімдері бойынша бағалады.