Белгілі журналист-публицист, медиа зерттеуші, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Бұл шараға ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, журналистер, ғалымдар, өлкетанушылар, ұстаздар, кітапханашылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Таныстырылым кеші барысында сөз алған мәртебелі қонақтар кітап авторының еңбегін жоғары бағалап, жаңа шығармасының оқырманға жол тартуымен құттықтады. Олардың қатарында: өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан, , аудармашы, зейнеткер Рымбала Смайылова, журналистер Әли Тойжігіт, Әдебиет Белгібайұлы, «Жастар әлемі» журналының редакторы Гүлнара Шоменова т.б. бар. Таныстырылымды журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі Қасымхан Ғалым жүргізді.
2025 жылдың 28 наурызда «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау» атты халықаралық семинар өтеді.
Ұйымдастырушысы – Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
Семинардың мақсаты:
Семинардың спикерлері – Қазақстан мен Ресей кітапханаларының жетекші мамандары және ЭКЖ өкілдері: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы, Н.А. Добролюбов атындағы Архангельск облыстық ғылыми кітапханасы, ID LOGIC Kazakhstan және ARC GLOBAL .
Семинарға қатысуға кітапхана қорларын толықтыру саласындағы мамандар, библиографтар, электрондық ресурстар агрегаторлары, кітапханалардың серіктес фирма өкілдері.
2025 жылғы 28 наурызда Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Цифрландыру дәуірінде кітапхана қорын жинақтау» атты халықаралық онлайн-семинар өтті.
Семинарға Қазақстан мен Ресейден 43 маман қатысты (33 қатысушы Google Meet сервисі арқылы қашықтан, 10 қатысушы офлайн форматта). Қатысушылар арасында кітапхана саласының жетекші мамандары, агрегаторлар мен компания өкілдері болды. Семинар барысында 6 баяндама тыңдалып және презентация қаралды.
Семинар қатысушыларына ҚОӘҒК басшысының орынбасары Г. Н. Умбединова құттықтау сөз арнап, ілтипат білдірді. Ол кітапхана қорларын, әсіресе физикалық тасымалдаушысы жоқ электрондық құжаттарды толықтыру мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Семинардың модераторы С. И. Головко спикерлерді таныстырып өтті.
Міне, тағы бір рухани байлықтың есігі айқара ашылды. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан публицист, аудармашы Марал Хасеннің 80 жылдығына және оның шығармашылық мұрасын насихаттаушы, аудармашы Рымбала Смайылованың 80 жасқа толуына арналған «Аманат арқалаған Ана» атты ерекше кеш ел жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз. Бұл кеш тек мерейтойлық жиын ғана емес, рухани мұраның мәңгілік екенін айғақтайтын ұлы сабақ болды.
Салтанатты шара шымылдығы «Молодежный» мәдениет үйінің әншісі Айнұр Әбдуалиеваның тебірентерлік «Ананың ақ жаулығы» әнімен түріліп, кешке жиналған көрерменнің жүрегіне жылы шуақ себілді. Рухани мұраны насихаттаған ардагер анамыздың еңбегін бағалап, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков пен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов атынан құттықтау хаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Кештің модераторы, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбай Жұмағұлов бұл шараның қазақ руханияты үшін мән-маңызына тоқталып, қос тұлғаның әдебиетке сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
28 ақпан күні «Террикон алқабы» IT-хаб базасында «Кітапханалық-ақпараттық салаға ЖИ-технологияларды енгізу» атты өткізілген халықаралық семинар облыс кітапханаларының мамандары үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.
Іс-шараға жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар қатысып, кітапхана саласында жасанды интеллектті интеграциялаудың озық идеялары мен практикалық шешімдерін ұсынды.
Семинарды KIBERone халықаралық цифрлық технологиялар мектебінің тәлімгері әрі аккаунт-менеджері Сергей Чиняев ашты. Ол өз баяндамасында қатысушыларға заманауи нейрожелілік технологияларға шолу ұсынып, әдебиет, кескіндеме, музыка, кинематография және анимация контекстінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, классикалық және генеративтік жасанды интеллект арасындағы айырмашылыққа талдау жасады.