Көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының және Жаратылыстану Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Әбілқас Сағынұлының 110 жылдығына, сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Инженерия академиясының академигі Пивень Георгиевичтің 80 жылдық мерейтойына орай, 15 желтоқсан күні "Жас өлкетанушылар" үйірмесінің қатысушыларымен "Грани таланта" атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағат ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталды. «Өз өлкеңді таны» кезеңінде қатысушылар пазл құрастыру арқылы танымдық сағат арналатын тұлғаларды анықтаса, «Ғылымға өмірлерін арнаған» бөлімінде ұсынылған суреттер негізінде ғалымдардың өмір жолы, еңбектері және ғылым мен білімге қосқан зор үлестері туралы айтып өтті.
Шара соңында қатысушыларға Әбілқас Сағынұлы мен Георгий Георгиевичтің еңбектері таныстырылып, арнайы дайындалған бейнефильм көрсетілді.
Танымдық сағаттан қатысушылар өнегелі тұлғалардың өмір жолынан тағылым алып,тұлғалар мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды.
