Бүгін кітапханада «ZERDE» әдеби клубының аясында  ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Орталық Қазақстан» газетінің аға тілшісі, бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері Жәлел Шалқар Қуандықұлының «Жырға айналып барады мына дүние…» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. 
        Іс-шараға ақын-жазушылар, журналистер, ұстаздар, студенттер және әдебиет сүйер қауым қатысты. Кездесу барысында ақынның оқырман жүрегіне жол тапқан «Алма гүлінің иісі…» атты жаңа жыр жинағы көпшілік назарына  ұсынылды. Кеш барысында Жәлел Қуандықұлы өзінің шығармашылық жолына тоқталып, жүрекжарды ой-пікірлерімен бөлісті, Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің, Қарағанды жоғары гуманитарлы колледжінің студенттері ақын өлеңдерін  оқыды. Сондай-ақ ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, Жәлел Қуандықұлының сөзіне жазылған, композитор Ердос Қожаның «Сағынба» әні алғаш рет орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.