Қарағанды облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Президенттік арнайы әдеби сыйлықтың иегері, ақын Жәнібек Әлиманның «Алтын тұңғиық» атты жыр кітабының таныстырылымы өтті.
Жас ақынның кезекті жыр жинағы «Алтын тұңғиық» екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөліміне «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы бойынша Қарағанды аймағы, Арқа топырағынан тамыр тартқан туындылары топтастырылған. Екінші бөліміне махаббат пен өмір туралы өлеңдер енгізілген.
Іс-шараға жазушы, ҚР мәдениет қайраткері, ф.ғ.д, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай, ақын, ф.ғ.к., доцент, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты А. Ботпайұлы, әнші, композитор, Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының басшысы С. Әбдіғали, театр қайраткері, актер, педагог Д. Еспаев т.б. және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дің филология факультетінің және Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенттері қатысты.
КІТАП ФЕСТИВАЛІ – "Кітаппен кемел болашаққа"
Ұлттық кітап күніне және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай үлкен кітап мерекесі өтеді!
Күні: 2025 жылдың 23 сәуірі
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы
Бағдарламада:
Шабыт, өнер, әдебиет пен қызыққа толы күнді бірге өткізейік!
Кітаптың күші – болашақты қалыптастырады!
Келіңіздер, күтеміз!
Құрметті оқырман қауым!
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында айтылған «Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету» тапсырмасын орындау мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Ермековтың мұрасына арналған «АлашTime» форумын ұйымдастырады.
Халық тарихты жасаса, ұлы тұлғалар бастамашысы болады. Тарихымыздың тар жол, тайғақ кешулерінде әр кезеңде мемлекетшілдік сана биіктігіндегі зиялы қауым ұлттық мүдде – тәуелсіздік идеясы үшін жандарын берді.
Сондай ірі саяси қайраткер, халқына қалтқысыз қызмет еткен «Алыптар тобының» көрнекті өкілі, еліміздің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан «Алаш» қозғалысының көш бастарларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, әрі ғалым, ұстаз, белгілі ағартушы Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің (1891-1970) алатын орны ерекше. Ермеков тәрізді тұлғаның өмірі мен қызметіне бүгінде дұрыс баға беру тарихымыз үшін ғана емес, тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін қажет.
Ұйымдастырылып отырған игі шара үш бағытта іске асырылады.
1. «Жасасын Алаш, Жасасын!» атты ашық баяндама;
Ә. Ермековтің өскен ортасы, саяси көзқарасының қалыптасуы т.б. тақырыбында докторанттар, магистранттар мен ЖОО 3-4 курс студенттері арасында ұйымдастырылады.
2. «Қазақша Quiz» интеллектуалды сайыс Қарағанды өңірінің колледжі студенттері арасында ұйымдастырылады;
3. «Ә. Ермеков және математика» атты математикалық олимпиада Қарағанды өңірінің 10-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады;
«АлашTime» форумының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
«АлашTime» форумының серіктестері:
«АлашTime» форумы 2025 жылдың 24-25 сәуір күндері өтеді;
Өтінімдер 2025 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады;
«Жасасын Алаш, Жасасын!» атты ашық баяндама ЕРЕЖЕСІ
«Қазақша Quiz» интеллектуалды ойынның ЕРЕЖЕСІ
«Ә. Ермеков және математика» атты математикалық олимпиаданың ЕРЕЖЕСІ
Іс-шараны үйлестірушісі: Өлкетану әдебиеттері бөлімі
Тел 87017763819, 87007763819
2025 жылдың 1 наурызы мен 30 мамыр аралығында Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханасында «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасы аясында «Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясын жариялайды.
Акцияның мақсаты: шалғай ауылдардағы кітапханалар қорын толықтыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Бүгінде кітапханашылар өз кітаптарын сыйға тартатын оқырмандарға шын жүректен «алғыс» білдіреді. Кітапты сыйға тарту - бұл оған жаңа өмір беру және жаңа оқырмандарға ұсыну.
Күш-жігерімізді біріктіре отырып, кітапхана қорын қажетті жақсы кітаптармен толықтырайық.
Сүйіспеншілікпен кітаптарды сыйлаңыз!
«Ауыл кітапханасына кітап сыйла» акциясына қатысуға ниет білдіргендердің барлығын Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 44 мекен-жайы бойынша күтеміз.
Телефон: 8 (7212) 56-77-55
Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапхана көкжиектері: ауылдық кітапханалардың жаңа мүмкіндіктері» жобасын бастайды!
Жоба аясында облыстық кітапханалардың кітапханашылары өңірдің 7 ауданының 21 ауылдық кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді!
Облыстық кітапханалар әр ауылдық кітапханаға тәжірибе алмасу арқылы кітапханаларды оқырмандар үшін тиімді әрі заманауи ақпараттық орталықтарға айналдыруға бағыттайды.
Жоба ауылдық кітапханалардың жұмысының алға басуына және дамуына үлкен үлес қосады!
Жоба аясында: