Құрметті өнер сүйер оқырман қауым, сіздерді жаңа кітаппен танысуға кітапханамызға шақырамыз!

Нұрлыбаев Ж.К.  Кескіндеме және графикалық шығармалар альбомы. -Алматы: «Sardar G», 2025. - 160 б.

«Жеңіс Кәкенұлы: кескіндеме және графикалық шығармалар» альбомы — қазақстандық бейнелеу өнеріндегі көрнекті суретшінің шығармашылық жолын жүйелі түрде танытатын мазмұнды басылым.

Альбомға автордың әр кезеңде салған кескіндеме және графика жанрындағы таңдаулы туындылары енген. Жұмыстарынан ұлттық дүниетаным, тарихи жады, табиғат пен адам болмысына деген терең философиялық көзқарас айқын сезіледі. Композициялық шешімдердің дәлдігі, түстік үндестік пен сызық мәдениеті суретшінің кәсіби шеберлігін айғақтайды.
Басылымда туындылардың көркемдік талдауы, қысқаша аннотациялар мен анықтамалық мәліметтер беріліп, альбом өнертанушыларға, суретшілерге, студенттерге және бейнелеу өнерін қадірлейтін кең оқырманға арналған.