Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық эссе жазу байқауы жоғары оқу орындары студенттері арасында өз мәресіне жетті.

Бірінші кезеңге барлығы 70 үміткер қатысқан болатын, олардың эсселері қазылар алқасының мұқият сараптауынан өтіп, 15 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде студенттерге бес жаңа тақырып ұсынылды:

  1. Патриотизм – ұран емес, өмірлік ұстаным = Патриотизм - не лозунг, а жизненная позиция;
  2. Тіл мен мәдениет – ұлттың болашақ коды = Язык и культура - код нации;
  3. «Толық адам» – кемелдікке бастар жол = «Совершенный человек» – путь к духовному совершенству;
  4. Кітап оқитын ұлт – ойлай білетін ұлт = Читающая нация – думающая нация;
  5. Заманауи жастың формуласы: білім, ерік және рух = Формула современного молодого человека: знание, воля и дух;

Қатысушылар өздеріне жақын тақырыпты таңдап, үш сағат ішінде ойларын жүйелі түрде жазбаға түсірді. Студенттердің шығармашылық ізденістері ұсынылған тақырыптармен айқын сабақтасты.

Келесі кезең – үздік эсселерді анықтау мен марапаттау! Ол 26 қараша күні сағат 11.00-де Достық үйінде өтеді. Кім жеңімпаз, қай оқу орыны жеңіске жетті екен – бірге тамашалайық! Келіңіздер, қапы қалмаңыздар!