Құрметті оқырмандар!
Бүгін кітапханамызда «ZERDE» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы қатысушылар австриялық жазушы Франц Кафканың «Құбылу» шығармасын талқылады. Кездесу барысында басты кейіпкер Грегор Замзаның күрделі ішкі әлемі тереңінен ашылып, оның рухани күйзелісі мен қоғамнан оқшаулануы жан-жақты талданды. Қатысушылар шығарма туралы өз ойларымен бөлісіп, сюжеттік желі мен кейіпкерлердің мінез-құлқы жайлы пікір алмасты.
Талқылау барысында туындының адам мен қоғам арасындағы күрделі қарым-қатынасты, тұлғаның жалғыздығы мен рухани жаттануын терең бейнелейтін символдық шығарма екені ерекше атап өтілді.
Кездесу әсерлі пікірлерге, ой-толғаныстарға толы болды және қатысушыларды адам болмысы мен рухани әлем туралы терең ойлануға жетеледі.
