Page 99 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 99
АҒЫЛШЫН ДЕГЕН НОЙЫС
КЕЛГЕН ЕДІ99
Ағылшын деген нойыс келген еді,
Тас қазсак, тиын-тебен берген еді,
Қаздырып терең көрді жұмыскерге,
Талайды соған тірі көмген еді.
Таңы атты, бостандық күн сәуле шашып,
Сай-саймен ағылшын бай жаулар қашып.
Қуаныш қүндағына бөленді ел,
Жайылып дастарханы елге нәсіп.
НҰРЛЫ КҮН 100
Ау, халайық, тыңдаңдар сырым мұным,
Күн емес, түнек болған күнім бұрын.
Ерлердің қызыл сұңқар арқасында
Көрдік қой бостандықтың нұрын бүгін.
ЖЕҢІСКЕ ЕЛДІ БАСТАҒАН 101
Жеңіске елді бастаған,
Қиянатқа аяқ баспаған,
Большевиктік партия
Кедей сені қоштаған.
Жауыздар мәңгі жойылды,
Адамға бізді қоспаған.
Қызыл ер ғана құтқарды
Ағылшын бай шошқадан.
АЗАТ КҮН 102
Көрген бәрін кешегі ауыр азаптың
Қарапайым баласы едік қазақтың.
Ту көтерген қазақ деген ел болдық,
Ұлы Октябрь тудырған соң азат күн.
Ей-й-й, ұлдары қазақтың,