Page 98 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 98
Шай орнына сүт берген
Өкпе-бауыр, жұлыным,
Еркетайым құлыным,
«Ақ топалаң» қолынан
Сеспей кетті не керек?
Ата-анасы оның да
Мендей болып зарлағыр.
Тажал тапқан осындай
Егіз-екі оңбағыр.
Ұлы кетіп ұрымға,
Қызы кетіп қырымға,
Болмай жылда өлімсіз,
Оба тиіп қырылғыр
Қалса игі еді көмусіз.
АҒАЙЫН, ҚАМЫҚПА 97
Ағайын, қамықпа,
Қамыққан халық па?
Бейнетқор кедейлер
Жүре алмас қорлықта.
Батқан күн батады,
Атқан таң атады,
Ақтарға кейбір жан
Туғанын сатады.
Ар сатқан азғындар,
Ел сатқан тозғындар,
Көп жасар дейсің бе,
Мал құмар озбырлар?
САЙРАН САЛЫП КӨП
ЖҮРГЕН 9 8
Сайран салып көп жүрген
Аяғы жылан көрініп,
Кірерге ін табалмай
Өсіп кеткен семіріп.
Қызылдарды көргенде,
Зыта қашты жеріне.
Тұмсық тыққан сан жылдар
Қарағанды кеніне.