Page 97 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 97

Туды  шақ  өзіміз  жол  ашар,
                         Бостандық  дүниеге  кеудемен.
                         Шықтық   біз  бәріміз  халықтан
                         Еңбекшіл   семьяның   ұланы.
                         «Бостандық   және  одақ  туысқан»
                         Бұл  біздің  күрестің  ұраны.

                         Шынжырда    ұстады  бізді  ұзақ,
                         Бізді   ұзақ  аштықтан   қатырды.
                         Қараңғы  сол  күндер  кетті  ұзап,
                         Азаттың  сағаты  шақырды.
                         Бөгеп  тұр  олардың  тақтары,
                         Жұмысшы  қолының     өр  ісін.
                         Салайық   патронға  оқтарды,
                         Бекітіп  мылтыққа  найза  ұшын.





                                    Екінші  тарау


                      СОВЕТ   ДӘУІРІНДЕГІ      Ө Л Е Ң - Ж Ы Р Л А Р
                                    ТҰРЫСБЕККЕ  95
                         Қарағым,  айналайын   Тұрысбегім.
                         Бізді  де  есіңе  алып  дұрыс  келдің.
                         Қуаныш   хабар  айтып  келгеніңе
                         Сенікі  болар  шүйінші  осы  елдің.

                         Қуаныш   бойды  кернеп,  денем  балқып,
                         Көңілім  көтеріліп  кетті  шалқып,
                         Әділдік  орнады  ғой  арман  еткен
                         Жүрерміз  біз  де  енді  қаздай   қалқып.






                            АҚТАР   ҚЫЛЫШТАП    ӨЛТІРГЕН
                          РАҚЫМДЫ    ШЕШЕСІНІҢ   ЖОҚТАУЫ  90
                           Көлге  шыққан   жалбызым
                           Көктей  кетті  не  керек?
                           Арманына    жалғызым
                           Жетпей   кетті  не  керек?
                           Түн   ұйқысын  төрт  бөлген,
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102