Page 96 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 96

«АҚ  ПАТША»,  ҮЗІЛДІ  ҮМІТ  СЕНЕН
                                   КҮТКЕН 92
                     «Ақ  патша»  үзілді  үміт  сенен  күткен,
                     Түңілді  сенен  бүгін  адам  біткен,
                     Тынымсыз   ел  арасын  бүлдіруде
                     Каратель  — жазалаушың    түпке  жеткен.

                     Жойылсын,   билеуші  де,   қанаушы  да,
                     Жасыңды   «артық,  кем»  деп  санаушы  да.
                     Қарсымыз   болыс,  бидің  әміріне,
                     Халықтан   қарғыс  алған  тонаушы  да.

                     Аштықтан   сеніп-қатқан   қалың  жалшы,
                     Жақсылық   таба  алмаған  жалғыз   тамшы.
                     Жауыздар   тепкісіне  көне  бермей,
                     Тізе  қос,  жұмыскер  мен  жалшы-малшы.






                             ТОҚЫМ   САЛ,  ЕРТТЕ,
                                 ЖАУЫРҒА  9 3
                       Жетті,  болдық   ұзақ  жыл
                       Айуандық   қанауда.
                       Қысымынан    аштықтың.
                       Уытынан   таяқтың
                       Өлгендерді  санауда.
                       Етпеңдер   еңбек  оларға,
                       Қазбаңдар   енді  көмір  де,
                       Тоқтатпайды   олар  бәрібір
                       Бұрынғыдай    сабауды.
                         Көтеріл, кедей  қазағым,
                       Қосыл,  орыс  бауырға!
                       Қару-жарақ   қамданып,
                       Тоқым   сал,  ертте,  жауырға.
                       Ал,  сойылды  қолыңа,
                       Қарыштап    сілте,   қаймықпай!
                        Құтылу  үшін   құлдықтан,
                        Күрес,  ешбір  тайлықпай!





                             БАТЫЛ   БАС  АЯҚТЫ,
                                 КЕДЕЙЛЕР!  9 4
                         Батыл  бас  аяқты,  кедейлер!
                         Рухыңмен   күреске  бекемден.
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101