Page 100 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 100

Қутты  болсын-ай,  азат  күн!
                       Өшті  сөніп  мәңгілікке  азап  күн,
                       Жаса,  жаса  мәңгілікке,  азат  күн.
                       Ағылшын   бай —  жұрт  қанаушы  қуылды,
                       Қанын  сорған   ұзақ  жылдар   қазақтың.
                       Ей-й-й,   ұлдары   қазақтын.
                       Құтты  болсын-ай,  азат  күн!







                              ҚАРА  ТҰМСЫҚ,   ҚАНДЫ
                                     АУЫЗ  103
                            Қара  тұмсық,   қанды  ауыз,
                            Қанға  тоймас  жалмауыз,
                            Зытты  бір  түн  сытылып.
                            Отқа  үйтілген  мысықтай,
                            Сүтке  тиген  күшіктей,
                            Үміті  оның  қырқылып.
                              Кетті сұмдар амалсыз,
                            Қалған  соң  мұнда   қамалсыз,
                            Қаһарлы   үннен   қысылып.







                        КАПИТАЛ ДҮНИЕСІ КҮЙРЕЛГЕН КҮН104
                       Капитал  дүниесі  күйрелген  күн,
                       Байлармен  жауыз  патша  күйзелген  күн.
                       Құрсауын   қанды  шеңгел  сындыруды
                       Күсті  қол  сан  миллион  үйренген  күн.

                       Октябрь   құтты  болсын  мерекеміз
                       Жиналған   еркіндікте  ел  екенбіз.
                       Байлығын   Қарағанды   қолға  алғанды,
                       Әңгіме,  өлең,  тақпақ,  жыр  етеміз.






                          КЕЛДІ  ДОСТАР  ДОНБАСТЫҚ   10 5

                            Келді  достар  Донбастық,
                            Көрсеткелі  жолдастық.

                                       101
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105