Page 103 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 103
ИНЖЕНЕРГЕ 11 0
Инженер — кен зерттегіш білгіш келді,
Ашуға жер астында талай кенді.
Жемісін бұл өңірдің анықтап ол,
Байытпақ теңдік алған біздің елді.
Зерттеп жүр кен байлығын, өлшеп жерді,
Білмейді қатты айтуды, сөзді «сенді»,
Жібектей майда мінез, салқын қандьг,
Ұстайды бізді үнемі қатар-теңді.
— Жаңа өмір, тапсыз қоғам, бастық қадам,
Сол үшін еңбек ету — міндеті адам.
Қисынын Маркс — Ленин оқып үйрен,
Болмайық бұрынғыдай енді надан! —
Дейді ол жайраң қағып, бізге қарап,
Қайырып сол қолымен шашын тарап:
— Байлық мол Қарағанды кен ордасы —
Жымияр тұрғандарға көзін қадап:
— Сенсеңдер сендер маған жолым болар,
Жойылар қайғылы ой, көңіл толар.
Мол ашсақ кен бұлақты көзін тауып,
Аз күнде жоқшылықты мәңгі жояр.
ЕР КЕҢЕС ЖАПАН ТҮЗДЕ
Ж О Л Д Ы АШТЫ 111
Ер кеңес* жапан түзде жолды ашты.
Тұлпарым жолмен жүйткіп көбік шашты.
Тамшысы аққан тердің паровоздан,
Жауларды тұншықтырып көзін басты.
Семенюк жол салуда еңбегі асты,
Қопарып айдалада тау мен тасты.
Паровоз жүргізуді үйретіп жүр,
Жәрдемші Ақдәрбектей және жасты.
* Жиырмасыншы, отызыншы жылдары Совет өкіметін кеңес өкіметі, кеңес
елі деп атаған.