Page 94 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 94

ЖАН   АШЫРЫ   ХАЛЫҚТЫҢ   86
                         Жан  ашыры   халықтың
                         Ең  жақыны  болды  олар.
                         Кек  алу  жолын  көрсетті
                         Келешекте   қолданар.
                         Жендеттерді  желкелеп,
                         Түйгіштейтін  күн  болар.
                         Торықпа,  халқым,  торықпа
                         Жауыздардың    тамыры
                         Жуадай   болып  бір  солар.






                          КЕРЕК  ЕМЕС  АҚШАҢЫЗ  8 7
                        «Керек  емес  ақшаңыз,
                        Өзіңізде  сақтаңыз.
                        Тусіп   қалар  бергенмен,
                        Жыртық   еді   қалтамыз»,  —
                        Осылай  деп  жігіттер
                        Мырза  сырын  біліпті,
                        Мазақ  етіп  күліпті.






                          ҚОРЕК   ҚЫП  ЖАРЫМ   ҚАДАҚ
                                 ҚАРА  НАНЫН  88
                      Қорек  қып  жарым   қадақ  қара  нанын,
                      Қай  күні  өлемін  деп   қайғырамын.
                      Өлеңді  еріккеннен  шығарғам  жоқ,
                      Бұл  айтқан  өлең  емес  қайғы-зарым.
                      Бай  күшті,  кедей  әлсіз  бұл  заманда,
                     Мойныма    шынжыр   түсті  амал  бар  ма,
                      Бұғауды  талқандайтын   таң  да  атар,
                      Кек  кетпес   қарны  жуан  манап-байда.






                         АРҚАНЫҢ    ҚОС  ӨЗЕНІ  —ЕСІЛ
                                    НҮРА  89
                     Арқаның  қос  өзені — Есіл,  Нұра,
                      Қонысты  тастап  көштік  еспе  құмға.
                     Тамызда   тамтық   қалмай  біз  келеміз,
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99