Page 104 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 104
ОТАРБА 112
Жүреді жүйткіп отарба
Жөңкіліп ауыр жүкпенен.
Қожасы шофер біздің ер,
Өмірден оны күтпеген.
Түтіні көкке будақтап,
Ұйтқып артқа серпілед.
Бойында жігер, күш-қайрат
Шұлғып басын ентігед.
Көп еңбектің қосылған
Шойын жол күш көлігі.
Шойын жолмен іске аспақ,
Ортақ дүние өнігі.
Мұны берген — Октябрь,
Мұны берген — партия.
Айдаушы оны біздің ер
Отырған онда шалқия.
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛЫҢ НУ 113
Қарағанды қалың ну,
Қалың нуда қызыл ту.
Сол ту үшін күрескен,
Шахта астында думан-шу.
Жарысқа түстің, жарыстың,
Ұят қой арты қалыстың.
Қызыл ту соның белгісі,
Жарыстағы табыстың.
Ленин туы — қызыл ту,
Ленин туы — біздің ту.
Екпінділер, екпіндеп,
Ту үшін белді бекем бу.
Үшінші шахта басында
Қызыл ту түр жайнаған.
Қуанышты, екпінді
Забойшы қайла айдаған.
Ол қызыл ту кімдікі?
— Большевик забойшынікі.