Page 101 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 101

Үйренбесек  олардан,
                                Мұнымыз    болар  онбастық.

                                Шоқай   менен  Салықбай,
                                Үмітіңді  сарықпай,
                                Жұмысын    үйрен  шахтаның,
                                Етіңдер  еңбек  жалықбай.






                              ЖҮРЕГІМ   ҚУАНЫШТА    ШАТТЫҚ
                                        КЕРНЕЙ  106

                           Жүрегім   қуанышта  шаттық   керней,
                           Аймағым   кен  ордасы  жатыр  көлбей.
                           Шахтерлер   ерлігі  зор,  бірлігі  асқан
                           Мереке  ойын-сауық  әнмен  бірдей.

                           Жарығы    Ұлы  Октябрь  сәуле  шашты.
                           Қапитал  түнек  дүние  сырғып  қашты.
                           Алқабын   Қарағанды   түгел  зерттеп,
                           Жер   сырын  кеншілерім  түгел  ашты.
                           Донбастан   украиндық  достар  келді
                           Үйретті   қазақтарға   қазып  кенді.
                           Кен   қазып   қазақтарға  көмек  беріп,
                           Бөледі   қуанышқа  біздің  елді.






                                        ЛЕНИН  107
                           Тарлықта   көсем  дана  торықпаған.
                           Торына   құрған  патша  шалықпаған.
                           Артыңнан   ерген  табың  еңбекшіге
                           Ақ  жолың   адым  сайын  анықталған.

                           Ол  жолды   біз  білеміз  әділ  жолды,
                           Болмаған   шежіреде   бұрын-соңды.
                           Өлсең  де,  өлмейтұғын  ілімің  бар,
                           Бастайын   болашаққа   қалың   қолды.

                           Алдында   қалың   қолың  большевик  бар.
                           Заманын   болыс-бидің  өткізген  бар.
                           Бейнетқор   кедейлердің   қамқоршысы
                           Айтатын  көңіл  күйін  қайғы  мен  зар.
                                            102
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106