Page 102 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 102

АЛЫП  КҮШТІ   ҚАРА
                                     АЙҒЫР  108
                            Алып  күшті  қара  айғыр
                            Келді  айқайлап  өңірге.
                            Большевиктік   партиям
                            Нұрын   құйды  көңілге.
                            Берді  Октябрь  жаңа  түр,
                            Сұрықсыз   бұрын  өмірге.
                            Шабуыл   жаса,  достарым,
                            Мынау   жатқан  көмірге!
                            Пайдасын   айтып   қайтейін,
                            Түсінерсің  өзің  де.
                            Жалқ ау  болсаң  көмірде,
                            Көзіне  жүрттың  көрінбе.






                            ҚАРА  АЙҒЫР   КЕЛГЕНДЕ 10 9
                            Екі  иықтан  дем  алып,
                            Келді  түлпар  айғырым.
                            Әлсізге  әл  береді
                            Көргенге  сенің  айдының.

                            Алты  айлық  алыс  жолдарды
                            Бір  тәулікте  алады.
                            Аталған  ит  жон  — шөл  дала
                            Бүлдырап   артта   қалады.

                            Жүрісіңді  көргенде,
                            Жұрт   таң  қалып   қарады.
                            Қиялдан   туған  халықтың
                              Ұшқынын еске салады.
                            Кеңес  елі  асырды
                            Сол  қиялды  дәл  бүгін.
                            Күйсін  іші  тап  дүшпан,
                            Құй  өртеніп,  не  бүлін!

                            Жаса,  жаса,  кеңесім!
                            Әлемде   жоқ  теңесің.
                            Сеніммен   біз  айтамыз,
                            Бақытты   талай  бересің.
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107