Page 95 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 95
Зар болып таңдай кеуіп екі суға.
Қос өзен мөлдір, тұнык бұлақ еді,
Жарлыға кең алқабы ұнап еді.
«Ақтабан шұбырынды» аштық көрген
Тозған ел басын онда құрап еді.
Қайран ел қоныстан шын кетеміз бе,
Осылай күңіреніп өтеміз бе?
Сағынып көзімізден жас бұршақтар
Туған жер қайта қоныс етеміз бе?
Тобына тінәлі, тоқа біз енеміз,
Салғанын алла басқа бір көреміз.
Патшаның солдат алған бұйрығына
Қалайша еркімізбен біз көнеміз?'
БҰРЫНҒЫ БІРГЕ ЖҮРГЕН
ДОСТАР ҚАЙДА? 9 0
Бұрынғы бірге жүрген достар қайда,
Отырсың өзің міне қандай жайда?
Шұбырған жетім-жесір, бала-шаға,
Көмусіз қалған жоқ па талай сайда?!
Ер жігіт мың күн өлмес, бір күн өлер,
Ал, кәне, кедей-жалшы, соңымнан ер!
Барында талайыңның бір шауып қал,
Шақырған осылай деп Топорнин ер.
ТАС ҚАЗЫП БЕЛШЕМІЗДЕН
САЗҒА БАТЫП 91
Тас қазып белшемізден сазға батып,
Күндіз аш, түнде келе, сызға жатып,
Жүруге жер астында келіспейтін,
Қорек қып көжемізді малта қатып.
Күніне жан басына бір тілім нан,
Ас болмай, ісіндік қой бір талай жан.
Өлгенше іріп-шіріп жер барақта,
Далада сойылдасып берейін жан.