Page 93 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 93
Жүрдік қой көніп кемдікте
Орысе, қ азақ бірлескен
Сатысы болсын бүл бірлік,
Жетуге мақсат теңдікке.
ЗОРЛЫҚШЫЛ — ЖЕГІШ 84
Зорлықшыл — жегіш аяусыз
Сендерден көңілім көп қалды.
Шамам келсе сендерге
Тақалмаспын деп қалды.
Күшін сатқан көп нашар
Ала алмай ақысын бос қалды.
Бір емес мыңдар жегізіп
Көптің де көңілі тоқталды.
Естілер жиын естерін,
Естимін солар топталды.
Кек алуға дүшпаннан
Түйінді сөзге тоқталды.
КУДРЯ, СЕН ХАЙУАНСЫН
ГҮРІЛДЕГЕН 8 5
Кудря, сен хайуансың гүрілдеген,
Өзіңе өз иттігің көрінбеген,
Жазыксыз әлсіздерді күнде сабап,
Дене жоқ нашарларда тілінбеген.
Иеңе асыраған арыз етсе,
Сөз ғой деп құлағына ілінбеген.
Аяусыз айуандықты істесе де,
Қорғалап қалың нашар иілмеген.
Кедейді жеке көздеп өшіккендей,
Ызғарлы жел соқтырад уілдеген.
Қыспаққа көніп алған қалың халық,
Етегі кеңімесе бүрілмеген.
Аязы, бораны да не болар ед,
Жылы жел келсе жетіп білінбеген?
Үнемі қара боран соға бермес,
Нұрлы таң атар бір күн күлімдеген.