Page 86 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 86
Тықақтап қасымызға жетіп келіп,
Таяқтап кейде бізді жондаушы едің.
Ел қалды еңіреткен кешегі өзің,
Аузыңнан оқыс шыққан жылан сөзің;
Қайсысы қадір тұтты қожайынның,
Қалып ең кем қадам боп ағып көзің.
Міне, енді қалды сенің қасыңда кім.
Достарың айдап салған басында кім?
Есіңе түсер болар енді сенің:
Досың да әмбе сенің қасың да кім?
НҰРА БОЙЫН ЖАҒАЛАП, СУ
СЫДЫРЫП 6 9
Нұра бойын жағалап су сыдырып,
Келген кезде ауылдан біз шұбырып,
Жылы шырай білдірген Шодыр едің,
Неге жүрсің жаным-ау бүгін суық?
Көмірді де бір жүріп, бірге шаптық,
Бір барақта бір тұрып, бірге жаттық,
Айрылмастай шын достым сен емес пе ең?
Таусылғанша мен сордың демі ақтық.
Аздан бері салқынсың араздай-ақ,
Жүруші едің үнемі біздерді аяп;
Өкпелерлік мен саған не істедім,
Түсінбеймін мен бұған не ғажайып?
АРЫЗ АЙТЫП КЕП ОТЫРМЫН
ӨЗІҢЕ 7 0
Арыз айтып кеп отырмын өзіңе,
Жолықтыр деп жайдары ашық кезіңе.
Уәдеңді орындамай кеткен соң,
Ыза болып бәтуәсіз сөзіңе.
Әлде болса өз алдыңнан өтемін,
Туғандай боп Шодырменен кетіп ем.
Бір уақыт қорықсаңшы құдайдан
Алғаныңды қайтарып бер жетімнен.
Шодыр өліп отырғанда қорғансыз,
Зар жылатпай ақысын бер, болма арсыз.
Тағы айтамын, тілегімді орында,
Кетсін десең, мен үйіңнен жанжалсыз.