Page 81 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 81

Отырармыз   қарасып.
                            Күні  біткен  күнінде,
                            Айы  біткен  айында,
                            Ақ  көңіл  достан  айрылдық,
                            Қатарда  жүрген  жарасып.




                              ҚАЗАСЫНА    ДҮЙСЕННІҢ
                              ҚАЙҒЫРАМЫЗ     БӘРІМІЗ 56
                            Қазасына   Дүйсеннің
                            Қайғырамыз   бәріміз.
                            Ажалға  ара  түрар  ек,
                            Келсе  біздің  әліміз.
                            Қолдан  келер  шара  жоқ,
                            «Алланың   ол  әмірі».
                            Бет  алдынан  жарылқар,
                           Жаратқ ан   «жалғыз   тәңірі».
                            Жылауды   қой,  келінжан,
                            Көзіңнің  жасын  тый  енді.
                            Егілдірме  зарыңмен,
                            Күйінішті  бүл  елді.





                                 ХАСИЯНЫҢ    КҮЙЕУІН
                                     ЖОҚТАУЫ   57
                            Басынан   теуіп  аяқпен,
                            Өлтірді  Керберт*   таяқпен.
                            Боздағымды    жазықсыз,
                            Боздағымды    жазықсыз.
                             Боз  інгендей  боздаймын,
                             Мен  боздамай  кім  боздар,
                             Тұлдырсыз   қалдым   қазықсыз.
                             Не  болды-ау  күнім,  қайран  ел?
                             Кеудемде  толы   қайғы-шер.
                             Бес  баламен  мен   қалдым,
                             Шалынып   өртке  мен  жандым.
                             Боздағымнан   айрылып,
                             Боздағымнан   айрылып,
                             Тұралмастай   майрылып,
                             Қиналғанда   мен  сорды
                             «Аруақ,   құдай»  жебей  көр.
                             Не  болды-ау  күнім,  қайран  ел?
                             Кеудемде  толы   қайғы-шер.

              *  Герберт  деген  ағылшын  байын  солай  атаған.
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86