Page 85 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 85
СҮЙГЕН СӘУЛЕМ, ҚАРЛЫҒАШ 6 6
Көрінуші ең, қалқашым, сүйріктейін,
Үкі таққан қаз мойын жүйріктейін.
Сағынамын сарғайып, аңсап сені,
Сәлеміммен мазалап күйінтпейін.
Қайырмасы:
Жаным сүйген, Қарлығаш,
Қолаң шашты қарындас.
Егіз қозы секілді ек,
Қандай адам-ау сағынбас.
Ноқта болар жоқшылық ер басына,
Сүйгенімнің қалдырған көз жасына.
Мен де өзіңдей еңіреп жүрмін, сәулем,
Ынтызар боп оңаша мұңдасуға.
Қайырмасы:
Жаным сүйген, Қарлығаш,
Қолаң шашты қарындас.
Егіз қозы секілді ек
Қандай адам-ау сағынбас.
МӘНКІНІҢ АЙТҚАНЫ 67
Мәнкі айтқан: Игіліктен Тәти туар,
Тәтиден Мұстафадай кәпір туар;
Туысын дүние-малға айырбастап,
Мақсаты бұл жалғанда байлық қуар.
Кеудесі көтеріңкі, көңлі өскен,
Талайдың тірескенде қарасы өшкен;
«Қойыңдар, қарсылықты қожайынға!"—
Деп келді, әмір беріп даусы өктем.
Не қайла, не қарекет бүл залымға,
Ойранды тағы салар ол ауылға;
Талайды түтқынға алар айып салып,
Өтпесе айтқан сөзі бұл қауымға.
ӘБІЛДА, БІЗ БІЛЕТІН ОРМАНШЫ
ЕДІҢ 6 8
Әбілда, біз білетін орманшы едің,
Мүддесін қожайынның қорғаушы едің.