Page 83 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 83

Көзімнен  ақты   қанды  жас.
                                  Жалғызым    аман  келгенше,
                                  Жан   ашитын   ағайын,
                                  Көз   қырың  сал,   қарайлас.





                                     СМАҒҰЛДАН   БІР  КҮНІ
                                   НЕМКОВ   АҚША  СҰРАДЫ  61
                                  Смағұлдан   бір  күні
                                  Немков   ақша  сұрады.
                                  Бермеген  соң  антұрған,
                                  Сылтау  тауып  әр  түрлі
                                  Таяқтап  оны   ұрады.
                                  Арыз   айтса   ұлыққа,
                                  Әжуә-тәлкек   қылады.
                                  Өздеріңде  айып  деп
                                   Балағаттап  сыбады.





                                  ҚЫСАҒА   БОЛҒАН   ТҮЙЕДЕЙ 62
                                  Қысаға*  болған  түйедей
                                  Көрінгенге  сүйкенер.
                                  Халыққа  етсең  зорлықты,
                                   Ұлығың бар сүйенер.
                                  Бергенің  пара   ұлыққа
                                  Айдатқаның   түйелер.
                                  Нашарға  кәр   қып  зекисің,
                                  Күткенің  дәйім  төрелер.
                                  Адамдық   ардаң  айрылған
                                  Сенен  бізге  не  өнер?





                                   ҚҰЛЫҢ   БОП ЖҮР ТАЛАЙ
                                            ЖАН 6 3

                                 Құлың   боп  жүр  талай  жан,
                                 Әубәкір,  сенің  өзіңе.
                                 Жегізбей  сау   құтылмас,
                                 Иланған  сенің  сөзіңе.
                                 Қанын  сорып  отырсың,
                 *  Түйеде  ғана  болатын   қыршаңқы,   қышыма  ауру.
                                              84
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88