Page 84 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 84
Жетім мынау сорлының —
Ұялмай жұрттан көріне.
АҚШАМДЫ БЕРМЕЙ ҚОЙДЫ
ҒОЙ 64
Ақшамды бермей қойды ғой,
Арқамды жондап сойды ғой,
Жарық күн қашан болады,
Көңіліміз қашан толады?
Адамдық құнды жойды ғой,
Мұңымызды кімге шағамыз?
Иттен де жаман қорлады,
Қанымызды сорып сүліктей,
Жапырласып олжа алды.
Бір жағынан ауру-дерт
О да қысып торлады.
Көнсек дағы көп жылдар
Көз ашылар болмады.
Қайда барып күн көрдік?
Тұрмыс деген оңбады.
ҚАЙЫСТЫ ҚАБЫРҒАСЫ
ЖҰМЫСШЫНЫҢ 6 5
Қайысты қабырғасы жұмысшының,
Қайғысы өз ішінде жұмысшының.
Іштен аштық қысқанда, сырттан таяк,
Қарайтын бір ұлық жоқ біздерді аяп.
Штраф досым болды айрылмайтын,
Жаны ашып маған ешбір қайрылмайтын,
Елу тиын табысымның отыз тиынын
Алады үлесіндей дәйім малғұн.
Шабатор* қожайынмен жақындасып,
Өзінің жақтасымен ақылдасып,
Әлсізге арнап салар әр мезгілде
Штрафты дұрыс деп мақұлдасып.
Нысапсыз, қанағатсыз, қорқау қасқыр,
Өрт алып күнің сөніп, түнге ұласқыр!
Халықтан қанжалатып алған сенің
Санындай тиыныңның пәле басқыр.
* Екібастұзда болған подрядшінің аты.