Page 87 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 87

ИТЕННІҢ   ШОҚЫБАСҚА
                                        АЙТҚАНЫ  71
                              Бір  кезде  едің  Шоқыбас,
                              Атандың   кәзір   Қақыбас,
                              Қан  жалағыш  қайуан  боп,
                              Сен  болдың  елдің  ажалы,
                              Адамдық,   ардың  дажалы,
                                Келдекпен* табақтас  адам  боп.
                              Ақыл  айтар  анаң  жоқ,
                              Қой  деп  айтар  ағаң  жоқ.
                              Мынау   тұрған  халыққа,
                              Сенің  дойыр   қамшыңнан.
                              Түспеген  жара  адам  жоқ.
                              Бірге  туған  бауырыңды
                              Аямасқа   жаралдың.
                              Ісі  түскен  адамнан
                               Кесек-кесек пара  алдың.
                              Ағылшынмен    бірлесіп,
                              Штрафты   және  алдың.
                              Сен  шіріген  жұмыртқа
                              Түбіңе  бір  күн  жетерміз,
                              Азар  болса  ел  үшін,
                              Құрбандық   болып  кетерміз.






                              «КӘПІР»  МЕНЕН  «МҰСЫЛМАН»
                                      ДЕП  КЕЛ ЕДІ 72
                           «Кәпір»  менен  «мүсылман»   деп  келеді.
                           Ауызында   «алла-құдай»   деп  келеді.
                           Масениттің**   айтқаны  — «алла  әмірі»
                           Деп  алдында   олардың  сау  желеді.
                           Пайда  түсер  жер  болса  тез  аңғарып,
                           Қарақұстай   жалп  етіп  тез  көреді.
                           Өлігі  көп  өңірден  айналақтап,
                           Басқа  жақ қ а  шыға  алмай  бөгеледі.
                           Азан  салып  сәріден  әндетеді,
                           Көп  өлігі  шахтердің  дәндетеді,
                           Қайда  оқып,  қайдан  кеп  молла  боп  жүр,
                           Бір  кездегі  халықтың  жендеті  еді.
                *  Нельсон  Фелльді  солай  да  атаған.
               **  Мессинг  деген  ағылшын  инженерін   Қарағанды  жұмысшылары  осылай  ата-
            ған.
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92