Page 82 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 82
ШАХТАСЫ Қ ОЖАЙЫННЫҢ
Қ АЛДЫ ҚҰЛАП 58
Шахтасы қожайынның қалды құлап,
Асанбай жер астында жатты сұлан.
Артында жетім-жесір қалған шулап,
Үй іші еңіресіп жатты-ау жылап,
Көрмеді ағылшын бай көздің жасык,
Қоспады-ау адамдыққа жетім басын.
Жетісін бергізбестен Асанбайдың
Қуды үйден қатыны мен жас баласын.
Адамдық ардан безген талайлардың,
«Әруақ» тартқызушы ед тез жазасын.
Айтып ем осылай деп қожайынға,
Қожайын маған жапты мол жаласын.
Ағаңның алпыстағы ісі түсті
Алапатың бұл ортада сенің күшті
Құтқарып алам десең, сен аласын
Ретін табам десең, сен табасын.
Егерде ала алмасаң мені ақтап
Сүйегіне алтай, тоқа дақ саласын.
БОЗДАҚТЫҢ ҚАРАБАҚСЫ
БЕЛ БАЛАСЫ 59
Боздақтың Қарабақсы бел баласы,
Ашылды кесірінен ел арасы.
Төренің сары ала шен меншігіне
Нілдінің айналды ғой кең даласы.
Өскен жан бауырыңда көзі жасты,
Қам көңіл қапаланып қайғы басты.
Қолында қашау, күрек, балғасы бар
Қопарып құлатады тау мен тасты.
ТАУ ЕТЕГІ—УАҚ ТАС60
Тау етегі — уақ тас,
Меруерт, маржан аралас.
Әубәкір билеп-төстеген,
Спасста жұмыс істеген,
Не көрмей жүр ғазіз бас?
Жалғызымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,