Page 88 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 88

ІШКЕНІМ   -  АЙРАН-ШАЛАП,
                                 ТІККЕНІМ — ҚОС 73
                        Ішкенім  — айран-шалап,  тіккенім —  қос,
                       Мал   үшін  Белденменен  болмадым  дос.
                       Талайы   дүние   құмар  обырлардың,
                       Алданып   бұл  жалғанда  өтті  ғой  бас.
                       Сен  дағы  алданышпен   өтерсін  бос,
                        Ішкен  мас,  жеген  тоқ  боп,  көңілің  қош.
                       Үстінде  сырат  көпір  сауал  болар,
                       Бересін   қандай  жауап  сөзімді  тос,
                                                            қалайық?




                            ШЕРНИЯЗДЫҢ     мұңы   жоқ
                                 МАЛДАН   БАСҚА 74

                       Шернияздың    мұңы  жоқ  малдан  басқа,
                       Аларында   шара  жоқ  алдамасқа.
                       Қорқытар   жұмыскерді   сылтау  тауып,
                       Үзіп-жүлып   әйтеуір  алуға  ақша.

                       Бермей  қойсаң  егерде  бер  дегенін,
                       Сарт-сұрт  етіп  қамшысы  тиер  басқа.
                       Көрмедім   Шернияздай    ұятсызды,
                       Келгенімше   мен  міне  осы  жасқа.


                       Баспақ  болған  бұзауы  арам  өлсе,
                       Ол  жаласын   артады  тағы  бізге.
                       Сауар  жалғыз   тамырды   тартып  алып,
                       Аямастық   ол  зұлым  етті-ау  сізге,



                             МӘЗ  БОЛАДЫ   ШЕРНИЯЗ   5

                          Мәз  болады  Шернияз,
                          Арқаға  Герберт   қаққанға.
                          Шетірейтіп  ағылшын,
                          Шенді  шекпен  жапқанға.
                          Көңілі  шат,  өзі  мәз,
                          Ағылшынға    жаққанға.
                          Өз  бауырын  жаныштап,
                          Ар-ұятын  сатқанға.
                          Көз  жасынан  халықтың
                          Дүние  пайда  тапқанға.
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93