Page 91 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 91

Кешегі  Асанбайды  білмейсің  бе?
                         Бұл  күнде  ол  дүниеге  иген  басын.
                         Көшеге  лақтырып  тастадың  сен,
                         Панасыз   қатыны  мен  жас  баласым.
                         Табысың  көптігіне  мақтанасың,
                         Буына  алтыныңның   шаттанасың.
                         Қолдаса  жалғыз  алла  біз  ғарыпты,
                         Қоқысты  сен  де  бір  күн  жастанарсың.





                               БАСА  АЛМАС   ҚОЙ  ТҰЯҒЫ
                                  ТАҢҒЫ   ШЫҚТЫ  80
                         Баса  алмас  қой  тұяғы  таңғы  шықты,
                         Қатарда   Құлмағамбет  болдың  мықты,
                         Жүк  тарттың  80  көлік  ағылшынға,
                         Атағың  «көпес»  деген  сенің  шықты.
                         Мұсылман   соңыңа  ерген  сені  жақтар,
                         Сүйгенін  әр  пәледен   құдай  сақтар,
                         Төренің  өзіменен  айқастың  сен,
                         Кезегі  енді  сені  келді  мақтар.




                              ҚЫС  БОЛСА   КІРЕКЕШТЕР
                                    КИЕР   ҰЙЫҚ81
                         Қыс  болса  кірекештер  киер  ұйық,
                         Ысқақжан   аталдың  сен  «Қызыл  жүйрік».
                         Сүйеніш  арқа  күзеу  еткен  сен  де,
                         «Тоқтат»—деп    төбелесті  бердің  бұйрық.
                         Белденнен  күніне  алдың  25  сом,
                         Кигізді  үстіңе  арнап  оқалы  тон.
                         Басты  жар,  көзді  шығар,  қолды  сындыр,
                         Бұл  күнде,  Ысқақ  бауырым,  айтқаның  «жөн»-





                            «БІР  АЛЛА»,  ЖӘРДЕМШІ  БОЛ,
                                    ӨЗІҢ  АЙЛА 82
                        «Бір  алла»,  жәрдемші  бол,  өзің  айла
                        Біз  емес  іздейтұғын  артық  пайда.
                        Сұраймыз   адал  ақы,  маңдай  терді,
                         Белгілі  жүргеніміз   қандай  жайда.
                        Туысқан   болсаң  егер  әділге  бас,
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96