Page 89 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 89

ӘУБӘКІР  БАЙ  76
                                 Әубәкір  бай,
                                 Дәулетің  сай,
                                 Бірақ  асқақ  мінезің,
                                 Елден  артық,
                                 Оттай  шалқып,
                                 Сөзің  қабыл  бұл  кезің.
                                 Мәні  де  жоқ,
                                 Дәмі  де  жоқ,
                                 Әдістеуден  көп  сөзің,
                                 Елді  билеп,
                                 Нандай   илеп,
                                 Айтқаныңа   көндірдің.
                                 Ұрсып,  соғып,
                                 Ертіп  бұйрық,
                                 Жеке   отырмақ  бір  өзің.
                                 Кедей  саған
                                 Тегіс  жаман,
                                 Бай  мен  ұлық  оң  көзің.
                                 Малдыға   жанас,
                                 Әлдіге   қарас
                                 Деген  пиғыл,  ойың  бар.
                                 Тақалса  кедей,
                                 Еңбегін  жемей
                                 Жібермейтін   заңың  бар.
                                 Кептіріп  ерін,
                                 Ағызып   терін
                                 Істесе  жұмыс  кедейлер,
                                  Ойына  келмес,
                                 Ақысын   бермес,
                                  Еңбегін  көрмес  кезің  бар.
                                 Ит-шошқалап,
                                 Құүр  бобсалап,
                                 Айдынданып    алыстан,
                                 Халықты   аулап,
                                 Байларға   саулап,
                                 Әдісті-айла  сөзің  бар.





                                     ЖАРЛЫ   БОЛСАҢ  —
                                        ЖАЛ  ҒЫЗСЫҢ 77
                                  Жарлы   болсаң  — жалғызсың,
                                  Сөзіңді  сөйлер  ұлық  жоқ.
                                  Акула*  сиқыр  тыңдамас,

                *  Подрядшінің  аты.
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94