Page 90 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 90

Байыған  сайын  көңіл  тоқ.
                         Арсылдап   үрер   қарғылы,
                          Қожаның   болды  төбеті.
                          Шырқ   айнала  жүгірер,
                          Жыртылғанша    көк  еті.
                          Құлқыны  құрып  үнемі,
                          Пара  алуды  қалайды.
                          Сұрағанын  бермесең,
                          «Көмірің  аз  шабылған»,  —
                         Деп  азайтып  санайды.
                          Қалған  болса  таласып,
                         Бұзаутіспен*  сабайды.
                         Қарсылассаң   қаймықпай,
                         Қожайынға    жамандап,
                         Тұтқын   үйге  қамайды.





                             ОРАДНИК БАЙДЫҢ ИТІ78
                         Орадник**   байдың  иті,
                         Жұлып   алад  «айт!»  десе.
                         Жаралайды    қоя  берсе,
                         Қайтып   келед  «қайт!»  десе.
                         Ол   құтырмай   қоя  ма,
                         Бөліп  беред  не  жесе.
                         Кедейлерге   зілденед,
                         Жылмаңдайды     бай  көрсе.


                         Көзің  ала,  түсің  қара
                         Бай  атандың  ортаға.
                         Еріншектер,  тілемсектер
                         Құл  болып  жүр  сорпаңа.






                         0,   ҚҮЗҒЫН,  КӨРЕСІҢ  БЕ  КӨЗДІҢ
                                    ЖАСЫН?! 79
                       О,  құзғын,  көресің  бе  көздің  жасын?!
                       Қосармыз  адамдыққа   жетім  басын,
                       Көк  жұлын  етіп  болдың  халықты  сен
                       Қопартып   Қарағанды  тау  мен  тасын.

            Жуан   қамшы.
          **  Урядникті  X.  Манкин  «орадник»  дейді.
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95