Page 80 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 80
ҮМІТ ҮЗДІК ЖАЛҒАННАН5 3
Үміт үздік жалғаннан
Қызық дәурен көруден.
Жер астында бүгжеңдеп,
Арпалысып көмірмен.
Көз аша алмай келеміз,
Күнде өлікті көмуден.
Жүрек болды қырық жамау
Бұл сүрқия өмірден.
ЖҰРТЫМ-АУ, ҚАЛАЙ
ШЫДАЙЫН? 5 4
Жұртым-ау, қалай шыдайын?
Қайғыдан күйіп жылаймын.
Дәл жиырма бес жасында,
Мезгілсіз кетті-ау жұбайым,
Көгермегір, ағылшын
Зауалы сұмның табылсын.
Үй іші біздей зарланып,
Күндіз-түні сабылсын,
Естерінен жаңылсын,
Құлғана кеп қағынсын.
Шашымды қара жаяйын,
Ажалга қарсы барайын,
Белден* иттің үйіне
Салайын өртті-ау, салайын!
АҚ ТҮЙҒЫН КЕТТІ-АУ
БЕЛ АСЫП 55
Ақ түйғын кетті-ау бел асып,
Беліне белбеу жарасып.
Жарасқаны құрысын,
Достары қалды-ау адасып.
Әзәлдә солай жазылған,
Келмейді ажал санасып.
Артында бар оңалар,
Тұяқсыз болса, жоғалар.
Балапан ержеткенше,
* Ағылшын акционері Нельсон Фелльді осылай атаған.
6 - 1 3 8 81