Page 79 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 79
Қорқыныштаң азамыз.
Жетті ме деп қазамыз
Қауып пенен қатерден
Үрейленіп азамыз.
«Жазуы деп алланың»
Қорықсақ та барамыз.
МЫНАУ ТҰРҒАН ШОЙЫН
ШАМ 51
Мынау тұрған шойын шам
Көк майменен жанады.
Қоңырсыған жалыны
Өкпемізді қабады.
Істеген жан біраз жыл,
Көкжөтел боп ауырып,
Жарымжан боп қалады.
ҰЗАҚ КҮН Ж Е Р АСТЫНДА
ДАМЫЛ КӨРМЕЙ 52
(Үзінді)
Блужке* қолымызда қара май шам,
Аяқ астын көре алмай құлайсын сан.
Шамнан шыққан будақтап көк түтіннен
Ұшырауда көксауға бір талай жан.
Жалыны шарпып ылғи кеудемізге
Мұнар болып тұрады төбемізде.
Сүйекке сыз, өкпеге түтін өтіп,
Ақыры сүйтіп бір күн елеміз де.
* Блужке — қара маймен, болмаса көк маймен жіаатын шам.
80