Page 78 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 78

АЙРЫЛДЫМ     АТА-АНАДАН
                                БІР  ЖАН  ҮШІН  47

                   Айрылдым    ата-анадан  бір  жан  үшін,
                   Білмеймін   қайғыменен   есі-түсім.
                   Ойланып   құмарлығын    жігіттіктің
                   Баспайды   ілгері  өрлеп   қылған  ісім.
                                                            і
                   Ағылшын    ал  деді  ғой  май  көмірді.
                   Өшірер   тас  болды,  деп  жай  көмірді.
                   Бес  сом  штраф  ап  еңбегімнен,
                   Меншіктеп   бауыр  басты  бай  көмірді.






                            ҚАЙҒЫРМА,   ҚАПАЛАНБА
                                 СЫПАН   ЕРІМ 48

                   Қайғырма,   қапаланба,  Сыпан  ерім,
                   Қалса  да  сыпырылып   маңдай  терің.
                   Қуылған   бұл  жұмыстан  жалғыз   сен  бе?
                   Қажыма,   бар  емес  пе  туған  елің? !





                          КӨР  ЛАҚАТТАЙ  ШАХТАҒА  49
                        Көр  лақаттай  шахтаға
                        Таң  сәріден  барамыз,
                        Тас  көмірді   қазамыз.
                        Қараңғы   тар  үңгірде
                        Бой  жаза  алмай  таламыз.
                        Қай  кесектің  астында
                        Қай  күні  сорлап  қаламыз?
                        Я,  алла,  жаратқан,
                        Осындайлық    бейнетке
                          Ұшыратарлық біз сорлы,
                        Бар  еді  қандай  жазамыз?!




                             КӨР  ТЫШҚАНДАЙ    ЖЕР
                                   КЕУЛЕП  50
                         Көр  тышқандай  жер  кеулеп,
                        Күнімен   көмір   қазамыз.
                         Қай  кесек  басып   қ алад  деп,
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83