Page 77 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 77

Не  салса  да  көнесің,
                               Шара   бар  ма  тұрмысқа?






                              ЖАЙЫМДЫ     АЙТЫП   ЖАЛЫНЫП   4 4

                               Жайымды    айтып  жалынып,
                               Өміріме  налынып,
                               Шерлі  көңіл  әм   қаяу
                               Қайғыға  кеттім  салынып.
                               Қолым   қалды  бүрісіп,
                               Жоным   қалды   құрысып,
                               Аяғым  да  жазылмай.
                               Сіңірі   қалды  тырысып.
                               Күнелтудің  үміті
                               Алыстап  барад  жылысып.
                               Салындыдай    қалқыған
                               Өмірден  барам  ығысып.






                              ТҮСТІ,  МІНЕ,   ҚАРА  ДАУЫЛ,
                                      СУЫҚ  КҮЗ  45
                          Түсті,  міне,   қара  дауыл,  суық  күз,
                          Жыртық   әйнек,  жел  гулейді  дамылсыз.
                          Бүл  кепеде   қалай   қыстап  шығармыз?
                          Қабырғасы   сорғалаған   қалың  сыз.

                          Бес  сыпырып  күнде  маңдай  терімді,
                          Қол  шанамен  тартып  ылғи  көмірді,
                          Тар  үңгірде  белден  батып  саз  кештім,
                          Осы  бейнет  бүкірейткен  белімді.







                               БҰЛ  КҮНДЕ  ЖҰМЫС    ҚЫЛДЫМ
                                      ЖЕР  АСТЫНАН  46
                         Бұл  күнде  жұмыс   қылдым  жер  астынаң,
                         Қараңғы   еш  жарықсыз   көр  астынан,
                         Болысым   Байдәулеттің   Қарағуыш
                         Төртінші  ауылнайдың   қол  астынан,
                                          78
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82