Page 76 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 76
Іргеден сыз шымшыса,
Тоңы астынан қариды.
Қызығы жоқ жалғанға
Көңіл шіркін налиды.
Кедейде — құн, байда — ар
Бұл заманда қалмаған.
Ақысын жеп ғарыптын,
Жеген сайын жесем деп,
Әбжыландай арбаған,
Нашарды, сүйтіп, алдаған.
БОЛАМЫН ДЕП СЕН
МҰНДАЙ 4 2
Боламын деп сен мұндай
Ойлап па едің ғазиз бас?
Қосағымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып
Қала бердім төгіп жас.
Айтатұғын «еркем» деп,
«Көкем қайда, көкем» деп,
Шырылдайды екі жас.
Бұл екеуі жыласа,
Көзінің жасын бұласа,
Қосылып бірге зарлайды
Інің менен қарындас.
Қайғыға бел алдырып,
Қалдық бүгін қаңғырып.
Өрт алғырдың шахтысы
Әкетті-ау сені, қайтейін,
Бір көруге зар қылып.
БАРМАЙМЫН ДЕП БАС
ТАРТСАҢ 45
Бармаймын деп бас тартсаң,
Жазықсыз жаза аларсың,
Арылмастай пәлеге
Молынан батып қаларсың.
Құдай салды — біз көндік,
Бара бер, қалқам, жұмысқа.