Page 75 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 75

ТАПҚАНЫМ    ЖЕТПЕЙД
                                         ТАМАҚҚА  35
                               Тапқаным   жетпейд  тамаққа,
                                 Штраф деп аласың.
                               Қалғаны  болса   қымқырып,
                               Дүкенде  ұстап  қаласың.
                               Аямастан  халықты,
                               Сүлікше  мықтап   сорасың.
                               Мұсылман   ең  Әубәкір,
                               О,  дүниелік  болғанда,
                               Не  бетіңмен  барасың?






                                      АҚ  ТАЛОН  39
                               Аз  ақының  орнына
                                Ұстатады ақ талон.
                               Бұл   қалай  деп  сұрасаң,
                               Шот   қағушы  боқтаған.
                               Жаза  алады  жұмыскер
                               Болса  ақшасын  жоқтаған.
                               Астына  алып  дүренің
                               «Сөзің  не,  — деп  оттаған?»






                                 ҚҰРЫСЫН   БҮЙТІП  БЕРГЕН
                                        АҚ  ТАЛОНЫ  40
                          Құрысын   бүйтіп  берген  ақ  талоны,
                          Ақ  талон  сор   қайнатып  көп  тонады.
                          Бір  күнде  бөгелнайын  он  өзгертсе,
                          Ақшамыз   біздің  тапқан  жоқ  болады.






                                БҰЛДЫРЫ   ЖОҚ   КӨЖЕГЕ
                                МАЛТА   ЕЗІП   ҚАТАМЫЗ  41
                               Бұлдыры   жоқ  көжеге
                               Малта  езіп   қатамыз,
                               Күніне  бір  татамыз.
                               Іргесі —  сыз,  асты  — тоц
                               Жерде   аядай  жатамыз.
                                           76
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80