Page 74 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 74
БҰЛ, БҰЛ ЗАМАН, БҰЛ
ЗАМАН 35
Бұл, бұл заман, бұл заман,
Бұлдыраған қу заман.
Жегідей жеген жаныңды
Бұл жалғанда жоқ жаман.
Тас қазудан пайда жоқ,
Күн көрерлік менде енді
Қалған ешбір айла жоқ,
Өзің біл, жұртым, өзің біл!
Мен сияқты зарлаған
Бұл күндерде қайда жоқ?
АСТЫМДА ЖАЛҒЫЗ МІНГІ
36
ҚАРА ҚОСПАҚ
Астымда жалғыз мінгі — қара қоспақ,
Шығамын жүртпен еріп мен де қостап,
Айтқанмен арызыңды ұлықтарға,
Бір жан жоқ мақұлдайтын бізді қоштап.
Ағызып аязды күн көзден жасты,
Нілдіден біз тартамыз ауыр тасты,
«Боқат» деп бір ұстаса, гирьден екі,
Жейтұғын еселшінің қулығы асты.
НЕ ІСТЕП НЕ ТАППАҚШЫ
ТЕККЕ ЖАТҚАН?37
Не істеп, не таппақшы текке жатқан?
Бақытты мен іздеймін басқа жақтан.
Күн көру қарекеті таусылған соң,
Безіндік біз дағы сол Екібастан.
Ел кездік қайыр тілеп әркімнен біз,
Баспана, үсте лыпа жоқ түссе де күз,
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар
Жоқ болар мүмкін еріп жамбаста мұз.