Page 73 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 73

ҚАЙҒЫ   МЕН  МҰҢҒА  БАТҚАН,
                                       ЕЛ  АМАН  БОЛ 32
                         Сағынар   алыс  кетсем,  ел  аман  бол,
                          Кір  жуып,  кіндік  кескен  жер  аман  бол!
                          Жамылған   жасыл  желек,  сұлу  Баян,
                          Ойнатқан  бауырында   сен  де  аман  бол.

                          Айдының   аққу  жүзген  көл  аман  бол.
                          Аязды,  боранды  күн,  жел  аман  бол!
                          Үркітке  күнім  үшін  кетіп  барам,
                          Замандас,  құрбы-  құрдас,  сен де  аман  бол!






                                КЕДЕЙЛІК   БОЛДЫҢ    ЖОЛДАС
                                        МЕНІМЕНЕН  33
                          Кедейлік  болдың  жолдас   меніменен,
                          Әр  адам  өз  әлхадар  теңіменен.
                          Қанша   жыл  жер  астында  істесем  де
                          Үстімнен  шекпен  түспес  терімменен.

                          Көп  болды   қоштасқалы   елімменен,
                          Кір  жуып,  кіндік  кескен  жерімменен.
                            Ұзақ жол  жоқшылықпен   өтуде  күн
                          Не  болсын  тапқан  тиын  телімменен?

                          Өтер  күн  өтіп  жатыр  осыменен,
                          Келер  күн  келер  екен  несіменен?
                          Қор  болып  бүл  дүниеден  кеткенім  бе,
                          Шерменде   шер  көкірек  өксуменен?






                                       КЕДЕЙЛІК  3 4

                          Табарым   тәулігіне  отыз  тиын,
                          Жоқшылық    жас  адамға  қандай   қиын.
                          Жасқантып    шоқпыт  киім   ұялтады
                          Бір  жерде  ел  жиналған  болса  жиын.
                          Келіп  ем  айналақтап  тас  көмірге,
                          Іздеп  ем  дәтке   қуат   қу  көңілге.
                          Сол  көңіл  суынғандай  болды  бүгін,
                          Қайыршы    атым  шықты   бұл  өңірге.
                                           74
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78