Page 72 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 72

Бірінші  тарау


                   ОКТЯБРЬГЕ     ДЕЙІНГІ    Ө Л Е Ң - Ж Ы Р Л А Р
                            КЕЛДІК   БІЗ  КАРАӨТКӨЛДІҢ
                                     ҚАЛАСЫНАН  3 3
                      Келдік  біз   Қараөткөлдің*   қаласынан,
                      Көрікті  Ереймен  тау  саласынан.
                      Қамалған   Екібасқа  барша  халық,
                      Ағылған  Ертіс,  Баян  даласынан.

                      Ауылдан   қорлық  көріп   қашқан  да  көп,
                      Елдегі  ағайынның   жаласынан.
                      Жазылар   күн  болар  ма  біз  сорлыға,
                      Денеге  салған  түрмыс  жарасынан.

                      Келіп  ек  Екібасқа  іздеп  пайда,
                      Жатырмыз    мекен  етіп  әрбір  сайда.
                      Күніміз  өтіп  жатыр  жылауменен,
                      Боламыз   болашақта   қандай  жайда?





                             КӨП  БОЛДЫ   ҚОШТАСҚАЛЫ
                                    ЕЛІММЕНЕН  31
                      Көп  болды   қоштасқалы  елімменен,
                      Кір  жуып,  кіндік  кескен  жерімменен.
                      Көл-көсір  көзден  аққан  көз  жасымды,
                      Тиямын  әрең  сүртіп  жеңімменен.

                      Сағындым   қоңыр  бұйрат,  таулы   жерім,
                      Жер  ауған  қиыр  шетке  мен  бір  ерің.
                      Босансам,  тордан   ұшқан  самұрықтай,
                      Самғар  ем   қанат  байлап  туған  елім.


          *   Қараөткөл  деген  сөз  айтушының  өз  сөзімен  жіберіліп  отыр.
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77