Page 65 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 65
алыстан мұнда текке жіберіп отырған жоқ. Сендерді маман жұ-
мысшы болсын деп жіберді. Мамандық тек қайла шабуда ғана
емес, сонымен қатар шахта астындағы неше түрлі қауіп-қатерлер-
ден де сақтану әдістерін үйренуде. Мен саған метан газы туралы
айттым. Ал ол метан газы әрбір забойда бола да бермейді. Кәзір-
гі осы біз істейтін забойда ғана кездеседі. Сондықтан метан газы-
ның жиналған, жиналмағанын қалай білуге болады. Білесің бе?
— Жоқ , білмеймін.
— Сенің білмейтініңді білемін. Ал, бұрын білмесең, бұдан бы-
лай білетін бол. Мен саған үйретейін, — деді.
Сөйтті де, қолына шамын алды.
— Міне, мынау шамның қалай жанып тұрғанын көрдің ғой.
— Көрдім.
— Ал енді осы шамды біртіндеп жоғары көтере берейік, көтере
берейік. Өйткені метан газы жеңіл газ, сондықтан забойдың
жоғарғы жағына жиналады дедік қой. Сен қарап тұр... Бірақ шам-
ның жануы бұрынғысынан өзгермейді.
— Міне, енді, шамның жануы бұрынғысынан өзгерген жоқ.
Яғни, метан газы жинала қоймаған деген нәрсе...
Бірнеше күн өткеннен кейін тағы да шамын жоғары көтеріп еді.
Жоқ, шам жоғарылаған сайын шамның көкшіл жалыны үлкейе
түсті, тіпті (жалын) шамның шынысының беліне жақындап қалды.
— Міне метан газы көбейген... Қауіпті,—деді дағы, шамын еп-
пен төмен түсірді де, жерге қоя салды. Шам өзінен өзі сөнді.
— Тез кету керек, — деп мені жеңімнен ұстай тұра жүгірді...
Далаға шықтық. Ол күні метан газынан забойды арылтқанша жұ-
мыс тоқталып қалды...
— Әй, шіркін-ай десейші! Талай нәрсені үйретіп еді! Шынды-
ғында екі-үш жылдың ішінде көп нәрсені үйрендік.
Бір күні шахта астында авария болды. Штректе порода құлап,
біздің жұмыс істеп жатқан жерден сыртқа шығатын жолымызды
бекітіп тастады. Бізді көп уақытқа дейін шығарып ала алмады.
Отырған жеріміздің кеңістігінің өзі тап-тар. Егерде тәжірибесіз
жұмысшылар болсақ, сол жерде тіпті өліп кетуге де болады екен.
— Ал сендер ауаны үнемдеуге тырысыңдар, — деді тағы да әлгі
Внучик.
Мен ішімнен: «Е, ауаны қалай үнемдейміз?» — деп ойладым.
Менен басқаларының бәрі қолдарындағы бензинмен жанатын шам-
дарын сөндіріп жатыр. Мен де сөндірдім.
— Сөйтсем, бензинмен жанатын шамның өзі ауаны көп жұтып
қояды екен. Жалғыз-ақ шамды қалдырды да, дереу қолындағы
қайла, күрек, тақтай, ағаштарды жинастырып отырған орнымыз-
дың төбесіне тіреу етті. Завал болған жақ қ а қабырға жасадық та,
отырған орнымызды үйшік етіп бөліп алдық. Оның себебі құлаған
жақтан тозаң, улы газдар болып қала ма деген қауіп болған екен.
Әлгі қабырға арқылы газды бөгеп, отырған орнымызға жібермеуге
болады екен.
5 - 1 3 8 65