Page 68 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 68
— Ой, тоба-айі Қорқып қалғаным ше, — деп сүйсінгендіктен,
қолын кеудесіне қусырған екен.
Айналайын өкімет-ай, істемегенің болмады-ау! Алысты жақын
қылдың. Қараңғыны жарық қылдың. Енді міне қара темірді қақыл-
датып, адамша сөйлетіп қойғаның, — деген екен.
Алдыңғы жылы дәм айдап, сол қарт біздің үйге бір келе қалға-
ны бар. Аппақ күмістей сақал-мүрты бар бөкен қабақ, аласа бой-
лы ақсары кісі екен. Радиоқабылдағышпен Индиядан концерт тың-
дап отырғанда, өзінің әуелде радио сөйлеп қоя бергендегі қорық-
қанын есіне алып:
— Сондағы қорыққаным-ай'—деп шек-сілесі қатқанша күледі.
СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ, МІН ТҮЗЕЛМЕЙДІ 2 8
1933 жылдың декабрьнен бастап Қарағандының осы Киров
атындағы үшінші шахтасына забойщик болып жұмысқа түстім. Ол
кезде № 3, 26 шахта деп аталатын. Донбастан забойщиктікті үй-
реніп келген бізге ауылдан келген бір-бір жасты қосып беріп жа-
тыр. Өзіміз Донбастықтардан үйренсек, бұл жерде басқаны үйре-
тетін болдық. Менің қасыма да бір кісіні қосып берді. Оның аты
Жолдыбай еді. Ол өзі де жалқау еді! Рас, ауылдан келген жастар-
дың ішінде жұмысты ынтасымен істеп забойщиктікті тез үйренген-
дер де көп болды. Ал, Жолдыбайдың басы толған ұйқы, қай жер
болса сол жерге қисая кетеді. Және нағыз ас ішіп, аяқ босатардың
өзі еді. Құрбылары:
«Ұйкысы бір қанбаған,
Он кашыны жалмаған,
Қыз, келіншек күледі
Бүйен деп сені оңбаған»—
деп өлең айтатын. Содан әлгі Бүйен аталып кетті.
Бір күні мынадай бір қызық болды. Біз ол кезде ылғи жастар
бір жатаханада жатамыз. Жұмыстан шығып бөлмеде дем алып
жатыр едік, сол Бүйенмен бірге жататын бір жігіт жүгіріп келді.
— Жұмыстан қашан шықтыңдар? — деп сұрайды.
— Күндегі шығатын уақытымызда шықтық,—деймін мен.
— Бүйен сендермен бірге жұмысқа түсті ме?
— Түскен.
— Ендеше ол қайда жүр?
— Білмеймін.
Шахтада авария болып, өліп қап жүрген жоқ па екен?—дейді
ол.
Өйткені ол кезде авария жиі болып тұратын.
— Жоқ. Біздің сменада амандық. Ал, түсуін бірге түскен, шық-
қанда, аңғара алғаным жоқ. Әрине шықты ғой. Қайда кетті дейсің,