Page 64 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 64
Бір күні, тура ноябрь айының басы еді, мені Корней Осипович
шақырып жатыр деп кісі келді. Барсам, сол жылы ғана менімен
бірге жұмысқа түскен жиырма шақты жастар отыр екен,
— Ә, Алтынбаев келдің бе, хал қалай?— деп сұрады Горба-
чев.
— Халім жақсы,— дедім мен.
— Ия, сенің халің әр уақытта жақсы болмақ, — деді дағы әрі
қарай сөйлей жөнелді.— Сендерді шақыртқан себебіміз мынадай
еді: Қарағанды өндірісі күшейгелі отыр. Биыл төрт шахта ашсақ,
ендігі жылы бұдан да көбейеді. Олай болса бізге маман жұмыс-
шылар керек. Ол жұмысшылар осы сендердің араларыңнан шық-
пақ. Сондықтан осындағы таңдаулы жастардан біраз кісіні Дон-
басқа жібермекпіз. Соған сіз де барсаңыз қалай болар еді?
— Мен, барамын,— дедім. Басқа отырғандар да бармақшы бол-
ған екен. Сонымен 18 комсомолды 1930 жылдың тура ноябрь ай-
ында Донбасқа жүргізіп-ақ жібергені ғой...
Донбастың Рудченко деген ауданындағы 17-«бис» шахтасын-
да болдық. Барысымен әрқайсымызды әрбір забойщиктің қасына
қосып берді. Мені забойщиктікке Внучик деген кісі үйретті.
— Шіркін, қандай кісі еді. 1930 жылдың декабрінен 1933 жыл-
дың ноябріне дейін қарауында болдым. Бір ауыз «сен» деп қатты
сөз айтқан емес. Қайланың сабын қалай ұстап, көмірді қалай ша-
будан бастап барлығын үйретті. Жалғыз-ақ бір ренжігені бар.
Қарағандыдан шығарда қалтамызға көп ақша салып берген.
Донбасқа барғанда жастар арақ ішіп, шылым тартады екен, Елде
жүргенде, мен шылым да, арақ та ішпейтін адаммын. Анда барған
соң шылым тартуды шығардым... Балалық қой енді. Шылым тар-
туды сән көрдім бе, білмеймін. Бір күні коробкасы әдемі бір паш-
ке шылым сатып алдым. Шахтаның астына әлгіні ала түстім.
Көмірді біраз шапқан соң дем алып отырдым да, шылымды алып
біреуін шегейін. Сөйтсем шахтаның ішінде от тұтату, шылым тарту
деген болмайды екен ғой. Оны мен қайдан білейін? Бір уақытта
Внучик жетіп келіп қолымдағы шылымның дәл қызарған үшін жұ-
лып алды. Ал ұрыс, ал ұрыс. «Кім үйретті саған шылым тартуды?»
— деп... Міне осы жолы қатты ренжіді. Ашуға булығып, сөйлей
алмай қалды. Бұл оның ашулы пікірін танытатын бейнесі еді. Ол
күні сонымен тарастық. Екі-үш күн өткен соң ғана маған өзінің
ашуланған себебін айтты. Сөйтсек, шахта ішінде неше түрлі улы
және өртенгіш газдар болады екен ғой. Оны мен қайдан білейін За-
бой ішінде метан газы деген газ болады екен. Оның өзін исінен, түсі-
нен айыруға болмайтын көрінеді. Өзі жеңіл болғандықтан забойдың
жоғарғы жағына жиналады екен. Оның қауіптілігі сондай, егерде
шахта ішінде алты-жеті процентке дейін жиналса, одан өрт кететін
көрінеді. Бірақ ол өзінен өзі атылмайды да өртенбейді. Көпшілігін-
де біз өзіміз не байқамай шамымызды ашып қаламыз, не шылым
тартамыз. Содан шыққан от ұшқыны метан газының өртенуіне се-
бепші болады екен. Кейде, тіпті, электр тогының ұшқынынан да
кетеді екен...
— Шырағым, Қапаш, — деді бір күні Внучик, — сендерді сонау